22 қарашада Мәскеуде өндірісті тиімді автоматтандыру әдісі бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатымен өнеркәсіпшілер мен роботты техника мамандарын жинайтын өнеркәсіптік роботты техниканың негізгі оқиғасы – IRW өтеді. Іс-шараға Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов қатысады.
    2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанада, ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушылар одағының және ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты VI Қазақстан машина жасаушылар форумы өз жұмысын бастайды.
    Қазіргі таңда Қазақстан, Америка Құрама Штаттары мен Канадада сынақтан өтіп жатқан TYPI Messenger атты жаңа чат бағдарламасын App Store мен Google Play-ден жүктеп алуға болады.
    KazRoboProject-2018 ұлттық ғылыми-техникалық жобалар байқауында үздік атанған қазақстандық мектеп оқушысы Любовь Дудченко Қытайдағы (Чунцин қ.) CASTIC-2018 халықаралық инновациялар байқауында бірінші орынды иеленді.
    Қазақстандық «КазРоботикс» Федерациясы 21 маусым күні Астанада KazRoboProject атты республикалық роботты техника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының финалын өткізеді.
    6 сәуірде Санкт-Петербургте жыл сайынғы Ресейлік Интернетті басқару форумы RIGF-2018 өтті, және онда Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы, Қазақстанның Интернет ассоциациясы мен Қазақстандық желілік ақпарат орталығы қатысты.
    19-20 сәуірде Астана қаласында жетекші ресейлік бизнес-талдаушы Алексей Колоколов деректерді визуалдау бойынша тренинг өткізеді. Сондай-ақ, сарапшы «DIGITAL HR-Аналитика» атты шеберлік класын өткізеді.
    19 сәуірде Павлодар қаласында «Өнеркәсіптегі ақпараттық технологиялар» атты өнеркәсіптік кәсіпорындарының менеджерлері мен IT-директорлары үшін 3-ші жыл сайынғы кәсіби конференция өтеді.
    30-31 наурызда Қарағанды қаласында ROBOLAND 2018 атты ірі роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді, және онда әлемнің әртүрлі елдерінен 400-ден астам команда 32 номинация бойынша бәсекеге түсу үшін «Жастар» спорт кешеніне жиналады.

    ҚАУЫМДАСТЫҚ

    Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы (KAAR) — бұл ерікті негізде осы нарықтың дамуына мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым.

    Қауымдастық туралы толығырақ

    Қауымдастыққа кім мүше болып кіре алады

    Қауымдастыққа мүше болып кіруге негізінен автоматтандыру және робототехника саласында жұмыс істейтін, Қауымдастықтың Жарғысын мойындайтын және орындайтын, Қазақстан Республикасының кез келген заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ Қауымдастықтың мақсаттары және міндеттерін бөлісетін шетелдік және халықаралық ұйымдардың мүмкіндігі бар.

    Бірлестікке мүше болу

    Мүше болып кірудің бес себептері

    1. Компанияның іскерлік байланыстарын және халықаралық ынтымақтастығының арқасында компанияның мүмкіндіктерін кеңейту.
    2. Нарықтық үрдістер және заңнамадағы өзгерістер туралы алдын ала мәліметтерді алу және оларды қалыптастыруына қатысу мүмкіндігі.
    3. Мәселелерді шешуде қолдау және кәсіби қызметте көмек алу.
    4. Ең жақсы адам ресурстарының нарығына қол жетімділік.
    5. Компанияңызды және оның өнімдерін ілгерілету, Қауымдастықтың барлық іс-шараларына тегін немесе жеңілдікпен қатысу.

    Бірлестік Мүшелерімен Серіктестері