2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстанның автоматтандыру және работтехника қауымдастығы Қазақстанның машинақұрастырушылар Одағымен бірлесе отырып Қазақстан машинақұрастырушыларының гибридті форматта өткен ІХ форумының аясында: “Роботтандыру: Сіздің кәсіпорында еңбек өнімділігі артқан жағдайда өнімнің өзіндік құнын төмендету” тақырыбындағы «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Спикерлердің бір бөлігі іс-шараға сол жерде қатысса, бірқатары онлайн форматта қосылды.
27/10/2021 Жаңалықтар / Қауымдастық жаңалықтарыІс-шараға қатысқандар:
Қазақстанның автоматтандыру және робототехника қауымдастығының президенті Владимир Туреханов
KUKA ТМД елдеріндегі өкілдігінің коммерциялық директоры Пётр Смоленцев
«QazIndusrty индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов
«КЕЛЕТ» АҚ вице-президенті Александр Папп
«Quant Robotics» ЖШС техникалық директоры Максим Трубчанинов
«Қарасай машинақұрастыру зауыты» ЖШС бас инженері Сергей Ткачук
«Назарбаев университет» АБҰ роботтехника және инженерия мектебінің мехатроникасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алмас Шынтеміров.
«ProLabSupport» ЖШС роботтехника жобалары бойынша менеджері Асылбек Өжікен
Владимир Туреханов дөңгелек үстел жұмысын ашып, қатысушыларға ізгі тілегін арнап, жиынның негізгі тақырыптарын таныстырды.
- Әлемде және Қазақстанда роботтехника қалай дамып жатыр?
- Мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы және жоспардағы шаралары.
- Роботтехникалық кешендердің өндіріске енгізілуі және роботтандыру нәтижесі
- Мекемелердегі робаттандырудың өтемділігі.
- Елдегі өндірістік роботтехника саласындағы білім.
KUKA ТМД елдеріндегі өкілдігінің коммерциялық директоры Пётр Смоленцев өндірістік роботтардың Ресейде және әлемде пайдалану тәжірибесі туралы айтты.
Пётр экономикалық және эпидемиологиялық дағдарыс кезеңдеріндегі стастикалық көрсеткіштермен бөлісті. Сонымен бірге графика түріндегі статистикалық көрсеткіштер негізінде дөңгелек үстелге қатысушыларға Ресей аумағында роботтехникалық кешендердің таралуы көрсетілді.
KUKA компаниясының өкілі өндірушілердің жұмыс күшін роботтехникалық кешендерге ауыстыру арқылы пайданың артқандығын және пандемия кезінде роботтехника нарығының өсуін түсіндірді.
Қатысушылар өндіріс процесіне роботтехникалық кешендердің енгізілуінің нәтижесінде табысқа жеткен түрлі компаниялардың жетістіктермен таныса алды. Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдегі өндірістің түрлі саласындағы процесске роботтарды қосқаннан кейінгі бірнеше өндіріс орнының мысалы көрсетілді.
«QazIndusrty индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов роботтехникалық кешендерді енгізуде мемлекет тарапынан жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады.
Ынталандырудың және елдің индустриалды дамуын қолдау мақсатындағы түрлі шаралар, оңтайландыруға жұмсалған қаржыны қайтару, техникалық процесстерді жетілдіру және білім беру туралы айтты.
Айдар Кәкімжанов сонымен бірге өндіріс орнының аудиті мен сертификациясына жұмсалатын қаражатты қайтару мүмкіндігі, техникалық құрал-жабдық пен қызметкерлерді оқытуды бірге қаржыландыру мүмкіндігінің мәселелерін тілге тиек етті.
«КЕЛЕТ» АҚ вице-президенті Александр Папп өз кәсіпорнында өндірістік роботтарды енгізу тәжірибесі туралы айтты.
Александр Александрович кәсіпорын басшылығының өндірісті автоматтандыру туралы шешімді неге қабылдағанын, жұмыстың бірінші кезеңінде туындап, шешімін тапқан мәселелер және жоғары қайтарым, уақыт, жұмыс алаңының үнемі секілді анық пайдалар туралы түсіндірді.
«Quant Robotics» ЖШС техникалық директоры Максим Трубчанинов және «Қарасай машинақұрастыру зауыты» ЖШС бас инженері Сергей Ткачук металлконструкция өндірісінде өндірістік роботтехникаларды жасау және енгізу мәселесін көрсете отырып баяндады.
Интегратор тарапынан және зауыт тарапынан енгізу процесіне деген сырт көзқарасты көрнекі және өте мұқият түрде көрсетті. Автоматтандыру нәтижесі туралы, елімізде интеграторлардың жеткілікті дәрежеде болуы қажеттілігі туралы айтылды. Сергейдің сөзінше автоматтадырылған дәнекерлеуші кешендер іске қосылғаннан кейін бірде бір дәнекерлеуші қысқартылмаған.
Максим сонымен бірге роботтарды автоматты түрде қайта бағдарламалайтын «Quant» бағдарламалық қамсыздандыруын көрсетті. «Quant» құрастырушыға өз жұмыс орнынан бөлшектерді жасау жұмысын бастауға мүмкіндік береді.
«Назарбаев университет» АБҰ роботтехника және инженерия мектебінің мехатроникасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алмас Шынтеміров дөңгелек үстелдің білімге арналған бөлігін бастады.
Студенттерді оқыту бағдарламасы, университет кафедрасының жабдықталуы туралы айтылды. Алмас Шынтеміров роботтехника және мехатроника факультетінің танымалдығы артатындығына сенетігіндін жеткізді.
«ProLabSupport» ЖШС роботтехника жобалары бойынша менеджері Асылбек Өжікен өндірістік роботтехника мамандарын дайындаудағы жетістіктер мен қиындықтарымен бөлісті. Асылбектің сөзінше қазақстандық студенттерді оқыту үшін түрлі роботтехникалық жүйелерді іс жүзінде пайдаланатын тәжірибелік сабақтардың жетіспейді. Ол алдағы уақытта арнайы мамандандырылған оқу орындарының ашылатындығына сенім білдірді. Асылбек өз компаниясының еліміздегі білім және ғылыми орталықтарына роботтехникалық ұяшықтарын орналастырғанын атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысын Қазақстанның автоматтандыру және роботтехника қауымдастығының президенті Владимир Туреханов қорытындылап, қауымдастықтың өндірістік кәсіпорындарға жұмысты роботтандырудың кез келген сұрағына көмектесуге дайын екендігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның автоматтандыру және работтехника қауымдастығы Қазақстанның машинақұрастырушылар Одағының ІХ форумының және машинақұрастыру және металлөңдеудің мамандандырылған І Халықаралық көрмесінің аясында «дөңгелек үстел» өткізді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларына қарамастан ұйымдастырушылар іс-шараны онлайн/офлайн форматында гибридті түрде өткізе алды.