Осы ұранмен 2022 жылдың 22–23 қыркүйегі аралығында Қазақстан машина жасаушыларының X Форумы Астана қаласында өтті. 2022 жылы Қазақстан өнеркәсібіне, машина жасау және басқа да ірі салаларына жаңа сын-тегеуіндер пайда болды.
23/9/2022 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтарыІс-шарада бас-аяғы 12 секциялық отырыс өтті. Олардың арасында ауылшаруашылық, теміржол, электротехникалық машина жасау, автокөлік құрастыру және сонымен бірге «Индустрия 4.0: өндірістің цифрландырылуы және роботизациясы» секциялары да бар.
«Индустрия 4.0: өндірістің цифрландырылуы және роботизациясы» секциясының со-модераторы қызметтерін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Жасұлан Мәдиев және Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма мүшесі, Қазақстанның автоматтандыру және роботтехника ассоциациясының президенті Владимир Төрехановтар атқарды. Секциялық отырыстарға өнеркәсіптік роботтар саласының әлемдік көшбасшылары, роботтехникалық шешімдердің интеграторлары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар, квазисектор және машинақұрастыру кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Екі күн бойы былтырғы Форумнан кейін қол жеткізілген жетістіктер талқыланып, болашаққа жоспар, өндірістік процесстерді автоматтандырудың заманауи шешімдері, кадрлық мәселелер, әлемдегі роботтехника мен Қазақстандағы жаңашылдықтар, зауыдтарға арналған Индустрии 4.0 элементтері бар цифрлық шешімдер, өндірістік кәсіпорындарда түрлі шешімдерді енгізудің артықшылықтары ортаға салынды. Өнеркәсіптік роботтарды іс жүзінде пайдаланып отырған компания өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, жобаны жүзеге асырудың әр кезеңіндегі кедергілер мен қиындықтар туралы айтты.
«Индустрия 4.0: өндірістің цифрландырылуы және роботизациясы» секциялық отырысының соңында Фомум аясында өткізілген «WorldSkills Industrial Robotics 2022» кәсіби шеберліктің салалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ал жеңімпаздар құнды жүлделерге ие болды.
Келесі Форум 2023 жылдың мамыр айында өтеді деп жоспарланған. Машина жасау саласына тілеулестердің барлығын Қазақстанның машина жасаушыларының XI Форумынды күтеміз.
Бұл да қызықты
2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанада, ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушылар одағының және ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты VI Қазақстан машина жасаушылар форумы өз жұмысын бастайды.