18/2/2019 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Наурыз айының 29-30 күндері аралығында Қарағанды қаласында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша V Халықаралық фестивалі өтеді, оған Еуропа және Азия мемлекеттерінен 1000-ға жуық жас робототехниктар қатысады деп күтілуде.

18/2/2019 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Жыл сайын өтетін RoboLand фестивалі балалар мен жасөспірімдер үшін ең үлкен жарыс алаңына және қазақстандық білім беру робототехникасының дамуының өзіндік векторына айналды.
2015 жылдан бері фестиваль ауқымы 10 есеге өсті. Ал 3 жыл бұрын Roboland Ресей, Италия, Польша, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және басқа елдерді қоса алғандағы Еуропа мен Азия мемлекеттерінің ең мықты робототехниктары қатысқан халықаралық шара атағын алды.

Биылғы мерейтойлық жарыстар 12 номинация бойынша өтеді: кегельринг-квадро, сумо, лабиринт, ралли, робофутбол, smart city, LEGO WeDo және т.б. Фестивальдің ерекше бөлігі ретінде арнайы мамандармен әзірленген, мүлдем жаңа, Roboland-Friendship атты роботехника жарыстары болмақ.

Сонымен қоса фестиваль аясында робототехника көрмесі өтеді. Жаттықтырушылар мен мұғалімдерге арналған робототехника саласындағы жетекші мамандардың семинарлары мен мастер-класстары бар кеңейтілген бизнес-бағдарлама жоспарланып, көрермендерді роботтардың қызықты шоуы күтуде.

Фестивальді Халықаралық спорт және білім беру робототехникалық қауымдастығының, Kazdidac қауымдастығының, демеушілер мен серіктестердің қолдауымен Қарағанды облысының Білім басқармасы ұйымдастыруда.

ROBOLAND 2019
29-30 наурыз, 2019 жыл
Қазақстан, Қарағанды қ., «Жастар» спорттық кешені.
Тіркелу www.roboland.kz сайтында