Қарағанды оқушыларының STEAM RoboClub командасы роботтар арасындағы RoboCup 2018 халықаралық чемпионатында қола медальға ие болды.
26/12/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтарыRoboCup – әлемге әйгілі халықаралық роботтар арасындағы спорттық іс-шарасы. Әлем кубогы алғаш рет 1993 жылы футбол роботтары арасында өтті, және сол кезде 21-ші ғасырдың ортасында роботтар ФИФА ережелері бойынша іс-жүзіндегі әлем чемпиондарынан футбол матчын жеңеді деп қатты айтылған болатын.
Қазақстандық команда бұл жарысқа биылғы жылы алғаш рет қатыса алды. Қарағандылық оқушылар Томскіде өткен ТМД елдерінің арасындағы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Азия-Тынық мұхиты аймағының финалында Қазақстанға RoboCup Junior OnStage санатында қола медаль әкелді.
«КазРоботикс» федерациясының президенті Жекеева Айжан: «Роботты техника бойынша осындай ірі жарыстарда Қарағанды оқушыларының сәтті бастамасын тұрақты қатысушылар ғана емес, сондай-ақ RoboCup ұйымдастырушылары да атап өтті. Қазақстандық команданың осындай чемпионатқа бірінші рет қатысып, іріктеу кезеңінде өте жақсы нәтиже көрсетіп, финалға шығуы және бірінші үштікке кіруі – елдегі роботты техниканың жақсы даму әлеуетінің нышаны. Дегенмен, бұл – тек алғашқы қадам, нарықта өздерін лайықты ойыншы ретінде танытудың байыпты талпынысы, сондықтан әлі де өсіп даму қажет».
Биыл Азия-Тынық мұхит аймағының RoboCup 2018финалы 5-7 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтті. Жарыстарға 15 елден келген роботты командалар жиналды. Қазақстандық команданың қатысуы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының қолдауымен мүмкін болды.