Қытайдағы «Ифэн» роботты техника зауытында қазіргі заманғы Geta көлік қоюға арналған автомат жасап шығарылды, ол адамның қарайласуын қажетсінбей, толығымен өз бетінше жұмыс істейді.
19/8/2016 Халықаралық жаңалықтарҚұрылғы лазерлік навигация жүйесі бойынша бағдар алады, оның көмегімен тұрақтағы көлік қоятын бос орынды табу оңайға түседі, және дөңгелекті көтергіш-платформаны білдіреді. Автомобильдің максималды жүк көтергіштігі 2,5 тонна болғанда, платформа секундына 1,5 метр жылдамдықпен қозғалады. Сонымен қатар «көлік қоюдың шебері» бола тұра, Geta бірер минут ішінде автомобильді 5миллиметрлік дәлдікпен тұраққа қояды. Машина иесіне бар болғаны көлігін ғимараттың кіре берісінде қалдыру қажет, ал мобильді көлік қоюшы оны өзі табады, алып кетіп, бос орынға жеткізеді. Және де қажет кезде автомобильді аттанатын орынға әкеледі.
Ақылды машина тек қана жүгізушілерге ғана емес, сонымен бірге автотұрақ иелеріне де қызмет етуге қуанышты, осымен ол орынды үнемдейді және адам затының бұл іспен айналысқанына қарағанда машиналарды 40%-ға тиімдірек жайғастырады. Алайда, автоматтандырылған көлік қоюшының құнының тиімділігі туралы айтуға әлі ертерек. Бір көлік қою орнын жабдықтау үшін, шамамен 10 мың АҚШ доллларын жұмсауды қажет етеді. Көлік қою құнын ескере отырып, бір құрылғы өзін 10 жылдан ертерек ақтамайды. Арзандағанша күтіп отырмыз.
www.robotforum.ru, www.hi-news.ru материалдары бойынша