20-22-ші наурыз күндері Мәскеуде «PROFEST 2019» XI Бүкілресейлік робототехника фестивалі өткізілді. Онда Алматы қаласындағы саңырау балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының қазақстандық командасы бірінші орынды иеленіп, халықаралық жарыстарда ТМД елдері атынан қатысуға құқылы болды.
01/4/2019 Қазақстан жаңалықтарыPROFEST (бұрында«РобоФест») – Еуропадағы ең ірі және әлемдегі ең ірі фестивальдардың бірі болып табылады, жыл сайын 6 мен 30 жас аралығындағы ғылыми-техникалық шығармашылық сайысыныңүздік қатысушыларын жинайды. Бұл робототехникадағы жарыстарға ғана емес, білім беру, ойын-сауық бағдарламалары үшін де тұғырнама: презентациялар, мастер-класстар, интерактивті дәрістер. Дәстүрлі фестиваль аясында іскерлік бағдарлама, серіктестер мен ресурстық орталықтарүшін конкурстар ұйымдастырылып, мектеп оқушылары үшін турлар ұйымдастырылады.
KУСИТИР-Қазақстан командасының жас инженерлері (қазіргі заманғы инженерлік технологиялармен және робототехникамен айналысатын хобби клубы) Gigo GreenMech бағытында сайысқан20 команда арасынанжеңіске жетті. Бұл бәсекелестік бағыт балалардың шығармашылық және инженерлік ойлауын дамытумен айналысады: шектеулі уақыт ішінде балалардың жобалық және қосымша бекітілген эко-материалдарды пайдалана отырып, балама энергия көздерін пайдалануды қарастыратын Ruba Goldberg машинасының алдын-ала жобаланған үлгісін дербес жинау, тағайындауды қарастырады. Gigo GreenMech Азия елдерінде ауқымды халықаралық жарыстар түрінде 10 жылдан астам уақыт бойы белсенді түрде жұмыс істеп келеді. PROFEST2019 фестивалі аясында Gigo GreenMech компаниясы ТМД елдерінің іріктеу кезеңі ретінде алғаш рет жеңімпаз команданың шақыруымен 2019 халықаралық кезеңіне қатысуға рұқсат алды.
Осындай ірі жарыстарға мамандандырылған қазақстандық команданың қатысуы «Самұрық-Қазына» қорының, «Аяла» қорының және «КазРоботикс» «Қазақстан білім және спорт робототехникасы федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.