17-18 қазан күндері Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығы (КААР) Австрияның Линц қаласында Қазақстан Машина Жасаушыларының Одағының төрағасы Мейрам Пішембаев пен Австриялық федералдық-экономикалық палатаның вице-президенті Рихард Шенцтің қатысуымен өткен Қазақстандық-Австриялық іскерлік кеңеске қатысты.
13/12/2016 Қауымдастық жаңалықтарыБесінші қазақстандық-австриялық іскерлік кеңес Линц қаласындағы Жоғарғы Австрияның Hessen Platz Экономикалық палатасында өтті. Кеңеске мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың және Қазақстан мен Австрияның машина жасау, мұнай және газ, азық-түлік өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларындағы және басқа да бірлестіктердің басшылары қатысты. Қазақстан Машина Жасаушылар Одағының төрағасы Мейрам Пішембаев пен Австриялық федералдық-экономикалық палатаның вице-президенті Рихард Шенц іскерлік кеңестің тең-төрағалары атанды. Олар мәжіліске қатысушыларға екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жағдайы мен келешегі туралы мәлімет берді.
Мейрам Пішембаев: «Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы соңғы 5 жылда жақсы дамып келеді. 2016 жылдың бірінші жартысында сауда-саттық көлемі 377 млн. евроны, оның ішінде Австрияға арналған экспорт 152 млн. евроны құрады. Сөйтіп 22% өсімді көрсетті».
Екі күндік бағдарлама екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жолдарын талқылауға, EXPO-2017 жобасын таныстыруға, сонымен қатар салық салу, визалық қолдау, тағы да басқа ынтымақтастықтың одан әрі дамуын тежейтін мәселелеріне қатысты сұрақтарды көтеруге мүмкіндік берді.
Іскерлік кеңестің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан және Австрия өңірлерінің қолайлы экономикалық мүмкіндіктері нәтижесінде ҚР Павлодар облысы мен Жоғарғы Австрия арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу болды. Келісімге ҚР Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғанов пен Жоғарғы Австрия Жер Үкіметінің Экономика Министрі М. Стругль қол қойды.
Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығы президенті
Владимир Төреханов: «Австрия өнепкәсіптегі роботты техника өндірісі мен экспорты бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. KAAR–дың Іскерлік кеңеске қатысуы – австриялық компаниялардың бұл саладағы жетістіктерімен танысуға және Қазақстандағы автоматтандыру мен робототехниканы белсенді дамыту жолындағы ынтымақтастықты бастау үшін қосымша мүмкіндіктер тудырып отыр».
Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесі австриялық және қазақстандық компаниялардың тиімді іскерлік қарым-қатынастарына кедергі болатын мәселелерді талқылауға, екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында 2012–жылдан бастап жыл сайын өткізіліп тұрады.