13/9/2017 Қауымдастық жаңалықтары

Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы роботты техника фестивалінің бас демеушісі болды. Бұл фестиваль аясында KazRoboSport-2017 атты роботты техника бойынша Республикалық чемпионаттың финалы және KazRoboProject-2017 атты ғылыми-техникалық жобалар байқауы, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

13/9/2017 Қауымдастық жаңалықтары

Қазанның 6-7 Ақтөбеде Қазақстанның ірі роботты техника фестивалі өтеді. Оның аясында KazRoboSport-2017 атты роботты техника бойынша Республикалық чемпионаттың финалы және KazRoboProject-2017 атты ғылыми-техникалық жобалар байқауының қорытынды бөлімі, сондай-ақ ТМД-ның түрлі елдерінен келген роботты техника сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов: «Роботты техника бойынша Ұлттық чемпионат  Қазақстанда екінші жыл өткізіліп жатыр. Қатысушылардың саны ғана емес, жарияланған жобалардың кәсіби деңгейі бойынша да нәтижелер бар. KAAR-дың негізгі бағыттарының бірін – Қазақстанда робототехника дамыту – жүзеге асыра отырып, биыл қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы жастар жобалар жарысының сараптама комиссиясының мүшесі және жылдың басты іс-шарасының бас демеушісі болды».

Роботты техника чемпионатының финалында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10-21 жас аралығындағы 242 қатысушылар жиналып, әрбір категорияда жеңімпаздар анықталатын болады. Жеңімпаздар жүлделермен бірге ұлттық құраманың мүшесі ретінде халықаралық чемпионаттарға қатысуға мүмкіндік алады.

Чемпионатпен қатар 6-7 қазанда ұйымдастырушылар роботты техника саласындағы ТМД сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел мен семинарлар өткізеді. Аталған іс-шараларда сарапшылар өз елдеріндегі тәжірибесімен бөлісе отырып, білім беру саласында роботты техниканың даму мәселелерін талқылайды. Дөңгелек үстелге қатысу үшін тіркеу өтінімдері 2017 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.

Бұл іс-шара Қазақстанда роботты техниканы діріптеу және әр түрлі бағытта (спорттық, білім беру, ғылым және ғылыми-зерттеу) дамыту, сондай-ақ жас ұрпақтың арасында шығармашылық және техникалық әлеуетін анықтау мақсатымен өткізіледі.

Шараның ұйымдастырушысы – «КазРоботикс» федерациясы. Іс-шараның тұрақты серіктестерінің, соның ішінде Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының қолдауымен қатысушылардың іс-шараға  қатысуы, барып-қайту жолы, тамағы және орналасуы тегін.