24/9/2022 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан машина жасаушыларының X Форумының аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі «Роботтандырылған жүйенің интеграциясы» компетенциясы бойынша «WorldSkills Industrial Robotics 2022» кәсіби шеберліктің салалық чемпионаты болды. Чемпионат 2022 жылдың 22–23 қыркүйегі аралығында өтті.

24/9/2022 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары
Жарысқа қатысушылар өздерінің теориялық және тәжірибелік дайындықтарын, кәсіби дағдыларын, өнеркәсіптік роботтехника көмегімен аз уақыт ішінде тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін паш етті. Тәжірибелік дағдылар Astana IT University чемпионат үшін ұсынған KUKA-да жұмыс істеу арқылы көрсетілді.

Қатысушылар келесі үш тапсырама бойынша сынға түсті:
1.Онлайн бағдарламалау: текшелерді сұрыптау.Қатысушы өнеркәсіптік роботты басқаратын бағдарланы «жазуы» тиіс.
2.Оффлайнбағдарламалау:қораптарды қалау.Қатысушы оффлайн бағдарламалау ортасында өнеркәсіптік роботқа қораптарды қалауды басқаратын бағдарлама жазуы тиіс(ұяшықтың цифрлы «сыңарымен» жұмыс істеу).
3.Жоба презентациясы.Қатысушыроботтехникалық кешеннің тұжырымдамасын жасап, технологиялық процессті автоматтандыру жобасын таныстыру тиіс.

Келесі қызықты мәселелерге назар аударғымыз келеді:
-Осы чемпионаттағы бірінші орындардыKazRoboSportроботтехникадан мектеп чемпионаттарына белсенді қатысқан студенттер алды;
-Жеңімпаздарға Форум жұмысына қатысқан бірнеше отандық компания қызығушылық танытты.

«Роботтехниканың қарапайым базалық дағдыларын қазір мектепке дейінгі жаста, әртүрлі үйірмелерде үйретеді, роботтехникасы бойынша оқушылар арасында елімізде көптеген біріншіліктер өткізіледі. Студенттерге арналған бөлек чемпионаттар бар. Бірақ ары қарай не істеуіміз керек? Басты мақсат чемпионатқа қатысу және жеңу емес, жас, талантты мамандарымыздың ел экономикасының өсуіне үлес қосуына мүмкіндік туғызу.WorldSkillsбарысында біз білім мен өндіріс арасындағы «түйіндерді» көріп отырмыз. Осындай шаралар арқылы өнеркәсіптік инженерледің жаңа буынын дайындауға мүмкіндік аламыз» деді Қазақстанның автоматтандыру және роботтехникасы ассоциациясының президенті Владимир Төреханов.

«Индустрия 4.0: өндірістің цифрландырылуы және роботизациясы» секциялық отырысының соңында Фомум аясында өткізілген «WorldSkills Industrial Robotics 2022» кәсіби шеберліктің салалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ал жеңімпаздар құнды жүлделерге ие болды.

Чемпионатты«Қазақстан машина жасаушылар одағы»ЗТБ «Талап» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырды.Ұйымдастыру жұмысына ерекше үлес қосқан:
-«Қазақстанның автоматизация және роботтехника ассоциациясы» ЗТБ;
-KUKA (өнеркәсіптік роботтардың ірі өндірушісі);
- «ProLabSupport» (өнеркәсіптік роботтардың интеграторы).

Бұл да қызықты

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанада, ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушылар одағының және ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты VI Қазақстан машина жасаушылар форумы өз жұмысын бастайды.
Осы ұранмен 2022 жылдың 22–23 қыркүйегі аралығында Қазақстан машина жасаушыларының X Форумы Астана қаласында өтті. 2022 жылы Қазақстан өнеркәсібіне, машина жасау және басқа да ірі салаларына жаңа сын-тегеуіндер пайда болды.