Қазақстандық Автоматтандыру және робот техникасы қауымдастығы (KAAR) Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында (ҚР ҰКП) ҰКП Комиттері жұмысына қатысу құқығымен аккредитациядан өтті.
KAAR XVI Халықаралық көрмеде. 2015 жылғы 21-23 қазан аралығында Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан XVI Халықаралық мамандандырылған «Автоматтандыру-2015» көрмесінде KAAR президенті Владимир Туреханов жоспарланған кездесулерді өткізіп, өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдегі соңғы жетістіктермен танысты.
Қазақстан автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы бүгін Астанада ашылған Қазақстанның ІІІ машина жасаушылар форумының қатысушысы болды.
Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының президенті Нұрлан Исин «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Қазақстандық бизнеспен бейресми тілдесу. 2015 жылғы 15 тамыз, сенбі күні Астанада KAAR Президенті Владимир Туреханов еліміздегі автоматтандыру және роботты техника саласының дамуына қызығушылық танытқан қазақстандық бизнес өкілдерімен бейресми кездесуін өткізді. Кездесу қызықты әрі нәтижелі өтті.

KAAR Президенті Владимир Туреханов Қазақстанда білім беру және спорттық роботты техниканы дамыту үшін құрылған «Казроботикс» федерациясымен кездесуге Ақтөбе қаласына сапармен барып қайтты. Кездесу Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығында өтті.
KAAR Қазақстандық автоматтындыру және роботты техника қауымдастығының президенттігіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 20 жылға жуық еңбек тәжірибесі бар Владимир Туреханов тағайындалды.
2015 жылдың 16 маусымында Астана қаласында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының» (KAAR) тұсаукесері өтті.