16/6/2015 Жаңалықтар / Қауымдастық жаңалықтары

2015 жылдың 16 маусымында Астана қаласында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының» (KAAR) тұсаукесері өтті.

16/6/2015 Жаңалықтар / Қауымдастық жаңалықтары
2015 жылдың 16 маусымында Астана қаласында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының» (KAAR) тұсаукесері өтті. KAAR экономиканың түрлі саласындағы қазақстандық компаниялардың бірлесуімен құрылған болатын. KAAR өкілдері өздерінің міндеті ретінде еліміздің экономикалық өсуі мен халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында Қазақстандағы автоматтандыру саласының жүйелі дамуына ықпалдасуды санайды. KAAR өз қызметінде жүйелі тәсілді, салаларды интеграциялауды, жаңа технологияларды ендіруге ықпалдасуды, халықаралық ынтымақтасуды және тәжірибе алмасуды ұстанады. KAAR тұсаукесерінде «Ernst & Young» компаниясының «ақылды қалалар» даму орталығының жетекшісі Билл Хатчисон сөз сөйлеп, ақылды қалаларды құру кезіндегі автоматтандырудың рөлі жайында баяндап берді.

Бұл да қызықты

Қазақстандық бизнеспен бейресми тілдесу. 2015 жылғы 15 тамыз, сенбі күні Астанада KAAR Президенті Владимир Туреханов еліміздегі автоматтандыру және роботты техника саласының дамуына қызығушылық танытқан қазақстандық бизнес өкілдерімен бейресми кездесуін өткізді. Кездесу қызықты әрі нәтижелі өтті.

KAAR XVI Халықаралық көрмеде. 2015 жылғы 21-23 қазан аралығында Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан XVI Халықаралық мамандандырылған «Автоматтандыру-2015» көрмесінде KAAR президенті Владимир Туреханов жоспарланған кездесулерді өткізіп, өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдегі соңғы жетістіктермен танысты.