Қауымдастық

Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы (KAAR) — бұл ерікті негізде осы нарықтың дамуына мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым

Тарихы

2014 жылғы желтоқсан айында Астана қаласында «Қазақстан: ХХІ ғасырды автоматтандыру» дөңгелек үстелі өткізілді. Онда қатысушылар Қазақстан автоматтандыру нарығын дамыту үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігін білдірді. 2015 жылдың мамыр айында осы дөңгелек үстелдің бірқатар қатысушылардың бастамасы бойынша, Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығы құрылды.

Міндетті іс

Жүйелі көзқарас ұстанып, Қазақстанда автоматтандыруға жәрдемдесу, «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатты қолдап, экономикалық өсу және жақсартылған өмір сүру салалардың біріктіру үшін, жаңа технологияларды енгізуге қолғабыс жасап, халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасуды жеңілдету.

Қағидаттар

Өзінің жұмысында Қауымдастық мынадай қағидаттарды ұстайды:

  1. Өмір сапасын жақсарту
  2. Бірінші қағидатқа қайшы келмейтін есепке алу және жинақтау
  3. Бірінші және екінші қағидаттарға сәйкес келетін жаңа технологиялар
Мақсаттар және міндеттер
  • Өз елінде және шетелде нарық мүдделерін өкілдеу. Стандарттарды және нарықтың нормативтік базасын қалыптастыруына қатысу.
  • Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қорғау және осы мүшелердің дамуына ықпал жасау.
  • Нарықтың кадрлық әлеуетінің өсуіне жәрдемдесу және Қауымдастық мүшелерін білікті кадрлармен қамтамасыз етуге көмектесу.
  • Нарық міндеттерін шешу үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Нарықтық мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру және оның мүшелерінің өнімдерін әйгілеу.
Бірлестікке мүше болу