Қауымдастыққа кім мүше болып кіре алады
Қауымдастыққа мүше болып кіруге негізінен автоматтандыру және робототехника саласында жұмыс істейтін, Қауымдастықтың Жарғысын мойындайтын және орындайтын, Қазақстан Республикасының кез келген заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ Қауымдастықтың мақсаттары және міндеттерін бөлісетін шетелдік және халықаралық ұйымдардың мүмкіндігі бар.
Мүше болып кірудің бес себептері
- Компанияның іскерлік байланыстарын және халықаралық ынтымақтастығының арқасында компанияның мүмкіндіктерін кеңейту.
- Нарықтық үрдістер және заңнамадағы өзгерістер туралы алдын ала мәліметтерді алу және оларды қалыптастыруына қатысу мүмкіндігі.
- Мәселелерді шешуде қолдау және кәсіби қызметте көмек алу.
- Ең жақсы адам ресурстарының нарығына қол жетімділік.
- Компанияңызды және оның өнімдерін ілгерілету, Қауымдастықтың барлық іс-шараларына тегін немесе жеңілдікпен қатысу.
Мүше болып кірудің тәртібі
- Қауымдастықтың мүшелігіне қабылдау Қауымдастықтың президентіне жазбаша өтініш негізінде және осы өтiнiш түскен күннен бастап күнтізбеліктің бiр айынан кем емес Қауымдастық Кеңесінің шешімімен қабылданады.