01/10/2015 Қауымдастық жаңалықтары

Қазақстан автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы бүгін Астанада ашылған Қазақстанның ІІІ машина жасаушылар форумының қатысушысы болды.

01/10/2015 Қауымдастық жаңалықтары
KAAR Президент Владимир Туреханов форумның салалық секцияларына қатысады, сонымен қатар отандық компаниялар өкілдерімен кездесулер өткізеді. Өндірісті автоматтандыру – мажина жасаудағы ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыты. Машина жасау салалары (мұнай-газ, тау-кен-металлургиялық, автомобиль, электротехникалық, ауыл шаруашылық, теміржол) еліміз үшін аса маңызды сала ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптегі ең еңбекқамтымды сала болып табылады.

Машина жасауды автоматтандыру еңбек өнімділігін арттырады, қолмен жасалатын ауыр да бірсарынды еңбекті жояды, әзірленетін бұйымның сапасы мен сенімділігін арттырады, құрал-жабдықты пайдалану коэффициентін жақсартады, өндіріс циклін қысқартады.

Суретте: Қазақстан машина жасаушылар Одағының президенті Мейрам Пшембаев, KAAR президенті Владимир Туреханов.

Бұл да қызықты

KAAR Президенті Владимир Туреханов Қазақстанда білім беру және спорттық роботты техниканы дамыту үшін құрылған «Казроботикс» федерациясымен кездесуге Ақтөбе қаласына сапармен барып қайтты. Кездесу Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығында өтті.
Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының президенті Нұрлан Исин «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.