Егер сіз автоматтандыру және өнеркәсіптік робототехника саласында жұмыс істесеңіз, бұл 2019 жылға арналған көрмелер жинағы Сіз үшін.
22 қарашада Мәскеуде өндірісті тиімді автоматтандыру әдісі бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатымен өнеркәсіпшілер мен роботты техника мамандарын жинайтын өнеркәсіптік роботты техниканың негізгі оқиғасы – IRW өтеді. Іс-шараға Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов қатысады.
Осы жылдың шілде айында Даллас қаласында (АҚШ) адамзат тарихында алғаш рет қарулы қылмыскерді өлтіру үшін робот қолданылды.
Қытайдағы «Ифэн» роботты техника зауытында қазіргі заманғы Geta көлік қоюға арналған автомат жасап шығарылды, ол адамның қарайласуын қажетсінбей, толығымен өз бетінше жұмыс істейді.
Wi-Fi Alliance® арнайы Заттар Интернеті (IoT) концепциясы үшін Wi-Fi жаңа технологиясын ұсынды, бұл IoT стандарттауға кезекті қадам болып табылады. Бұл мәселе 2015 жылы Дубайдағы Заттар Интернеті бойынша Дүниежүзілік форумда басымдық жағдайда талқыланған болатын.
2016 жылдың наурыз айында Дубайда, жүлде қоры бір миллион АҚШ долларын құрайтын World Drone Prix (WDP) ұшқышсыз дрондар жарысы өтеді.
Seegrid корпорациясы (АҚШ) қоймада адамдармен бірге өз бетінше және қауіпсіз жұмыс істей алатын Industrial Mobile Robot (IMR) өнеркәсіптік робот-жүк тиегішін жасап шығарды.
Fraunhofer IWU (Германия) машина құрал-жабдығы және қалыптық технологиялар институтының мамандары көп жылдан бері қозғалтқышты жинау процесін автоматтандыруға тырысып келеді, өйткені автоөнеркәсіптің белсенді роботтандырылуына қарамастан, қозғалтқыштар әлі күнге дейін қолдан жасалады және құрастырушы мамандардың аса жоғары біліктілігін талап етеді.
Ағымдағы жылдан бастап FIFA толығымен голдарды автоматты түрде анықтауға көшкен болатын. Енді барлық FIFA жарыстарында доптың қақпа сызығынан өтуі автоматтандырылған жүйемен тексеріледі.
FMTC мехатроника орталығында (АҚШ) қашықтықтан басқарылатын хай-тек тракторы жасап шығарылған. Құрылғы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбегін жеңілдетуге арналған.