10/9/2015 Халықаралық жаңалықтар

FMTC мехатроника орталығында (АҚШ) қашықтықтан басқарылатын хай-тек тракторы жасап шығарылған. Құрылғы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбегін жеңілдетуге арналған.

10/9/2015 Халықаралық жаңалықтар
Трактор оңтайлы жылдамдықты, айналу радиусын әр сантиметріне дейінгі дәлдікпен анықтай алатын және берілген бағдарды ұстап тұратын автоматтандырылған басқару жүйесімен, сездіргілермен және GPS-пен жабдықталған.

The Robot Report халықаралық журналының мәліметтері бойынша әлемдік ауыл шаруашылығы жоғары технологияларға көшу процесін басынан кешіп жатыр.

Қашықтықтан басқарылатын жаңа трактор Айова штатында (АҚШ) егістерді өңдеу жұмыстарын бастап кеткен.

therobotreport.com, kinze.com материалдары бойынша

Бұл да қызықты

2013 жылдан 2019 жылға дейін кезеңге есептелінген зерттеулердің бірінші мәліметтері бойынша өнеркәсіптік автоматтандыру және робот техникасының әлемдік нарығының көлемі 2019 жылға қарай $147,7 млрд. құрауы мүмкін.