Fraunhofer IWU (Германия) машина құрал-жабдығы және қалыптық технологиялар институтының мамандары көп жылдан бері қозғалтқышты жинау процесін автоматтандыруға тырысып келеді, өйткені автоөнеркәсіптің белсенді роботтандырылуына қарамастан, қозғалтқыштар әлі күнге дейін қолдан жасалады және құрастырушы мамандардың аса жоғары біліктілігін талап етеді.
Қазақстанның темір жолдарына автоматтандырудың ең ауқымды жобаларының бірі енгізілді.
Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының президенті Нұрлан Исин «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Ағымдағы жылдан бастап FIFA толығымен голдарды автоматты түрде анықтауға көшкен болатын. Енді барлық FIFA жарыстарында доптың қақпа сызығынан өтуі автоматтандырылған жүйемен тексеріледі.
FMTC мехатроника орталығында (АҚШ) қашықтықтан басқарылатын хай-тек тракторы жасап шығарылған. Құрылғы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбегін жеңілдетуге арналған.
Жуық арадағы 5-6 жылда халық саны 250 адамнан асатын Қазақстанның барлық ауылдарына жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету үшін оптикалық талшық жүргізілетін болады.
2017 жылға дейін Қазақстанда отын сапасы мен мөлшерін бақылау автоматтандырылатын болады.
Қазақстандағы кітапхана қызметін автоматтандыру жастардың кітапханаларға оралуына жол ашады деп болжанып отыр.
Apple, Hewlett-Packard, Dell, Sony өнімдерін шығаратын Foxconn зауыты (Тайвань) біртіндеп 100%-дық автоматтандырылуға көшетіндігін жариялады. 10-15 жыл ішінде миллион өнеркәсіптік роботты орнату жоспарлануда.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру заңына түзетулер енгізілді.