15/7/2015 Халықаралық жаңалықтар

2013 жылдан 2019 жылға дейін кезеңге есептелінген зерттеулердің бірінші мәліметтері бойынша өнеркәсіптік автоматтандыру және робот техникасының әлемдік нарығының көлемі 2019 жылға қарай $147,7 млрд. құрауы мүмкін.

15/7/2015 Халықаралық жаңалықтар
Автоматтандырудың жоғары деңгейде дамуы энергетика, фармация, машина жасау және жоғары зияткерлік құрал-жабдық өндірістерінде байқалады. Өнім түрлеріне қарай, автоматтандыру нарығы өнеркәсіптік басқару жүйелеріне, нысандарда автоматиканы орнату және өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӨПБАЖ) болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік автоматтандыру сегменті нарық үлесінің жартысын құрайды және болжамдарға сүйенсек, болжамды мерзімнің соңына дейін сол деңгейде сақталады. Зерттеулерді Transparency Market Research (АҚШ) жүргізуде.

robo hunter материалдары бойынша

Бұл да қызықты

Қытай үкіметі елді 2018 жылға дейін «мықты өндірістік ірі мемлекетке» айналдыру үшін «Industry 4.0» атты жаһандық автоматтандыру жобасына 1,2 трлн еуро жұмсауды жоспарлап отыр.
Халықаралық робот техникасы федерациясының мәліметтері бойынша, Қытай әлемдік автоматтандыру нарығында көшбасшы елге айналып келеді, 2014 жылы елдің өнеркәсіптік роботтар нарығы 54 пайызға өскен.