ТМД елдерінің 250-ден астам оқушылары мен студенттері 30 қараша мен 1 желтоқсанда Петропавловск қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің Қорының қолдауымен «КазРоботикс» Қазақстан білім беру және спорттық роботты техника федерациясы ұйымдастырған «КазРоботикс-2018» роботты техника фестивалінде жиналды.
20/12/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтарыФестивальдің басты оқиғасы KazRoboProject-2018 республикалық спорттық роботты техника чемпионатының финалы болды. Қазақстанның әрбір өңірінен және көршілес елдерден жиналған үш мың қатысушылардан үздік роботты техниктер іріктеліп, олар спорттық роботты техниканың келесі салалары бойынша үздіктердің үздігі атағына таласты: робо-сумо, адымдағыш роботтар сумосы, биатлон, эстафета және спорттық лабиринт. Ең жас қатысушы – 6 жаста болса, ең үлкені – 20 жаста. Қарағанды облысының командасы командалық жарыста бірінші орынды және облыс әкімінің гран-приін ұтып алды. Екінші орында Атырау облысының құрама командасы, ал үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы иеленді.
Фестиваль аясында екінші жыл қатарынан роботты техниканы дамыту мәселелері бойынша өткізілетін дөңгелек үстелде тек қана Қазақстаннан емес, сондай-ақ ТМД елдерінен жиналған сарапшылар жарыстық, жобалық, мектепке дейінгі және реабилитациялық роботты техника мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Қазақстан мен Қырғызстанның білім беру роботты техника федерацияларының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Биыл жыл сайынғы фестиваль жаңа әсіре-заманауи, жоғары технологиялық базасы бар Digital URPAQ оқушылар сарайында өткізілді, және де бұл сарай Петропавл балалары мен жасөспірімдері үшін роботты техника, биотехнология, мехатроника және 3D-прототиптер жасау орталығына айналатыны күмәнсіз.
Анықтама:«КазРоботикс» фестивалі– Қазақстандағы білім беру және спорттық роботты техникасының жыл сайынғы шарасы. 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. 3 жылдың ішінде фестиваль ауқымы 7 еседен астамға өсті. Биылғы жылы фестиваль халықаралық мәртебеге ие болды – жарыстарға басқа елдердің қатысушылары да келіп қатысты. Фестиваль Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Бас серіктес – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен өткізілді.