11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

Орал қаласында қоғамдық көліктерге SMS арқылы төлеуге болады. Бұл қызмет Beeline және Activ абоненттеріне қол жетімді.

11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

Келесі жағдай таныс па? Қоғамдық көлікке отырып, әмияныңызда ең ұсақ ақшаңыз 5000 теңге екенін байқайсыз. Әркімнен майдалап беруді өтінесіз: «Сіз ұсақтай аласыз ба? Ал сіз ше? Мүмкін сіз?» Автобуста қалтасында көп майда ақша ұстап жүретін адам кездессе жақсы. Ал жоқ болса ше?

Орал тұрғындарының көмегіне жаңа сервис келді – SMS арқылы жол жүру ақысын төлеу. Сізге автобустың кодын 2505 қысқа нөміріне жіберу керек. Төлем телефонның балансынан алынады.

Бұл қызмет тек Beeline мен Activ абоненттері үшін қол жетімді. Смартфондарыңызда Google Play және App Store сайттарынан жүктелетін SMS BUS Жолаушы атты мобильді қосымшасын пайдалана аласыз. Бұл қосымшада банктік карточкамен немесе Kaspi әмиянынан төлеу мүмкіндіктері ұсынылады.

Бұрын осындай төлем әдісі Алматыда іске қосылды. Алматы қаласы тұрғындарының қызметке деген сұранысы бұл әдістің ыңғайлы екенін дәлелдеді. Енді осы төлем әдісі еліміздің аймақтарында таратылатын болады, ал Орал осы мүмкіндікті жүзеге асырған бірінші аймақтық қалаға айналды.

Бұл да қызықты

Автоматтандырудың арқасында, Қазақстанның 30 қаласында 80 SULPAK тұрмыстық техника дүкендеріне қызмет көрсететін, тәулік бойы жұмыс істейтін қойманың жұмыс жылдамдығы 1,5 есеге артты.
Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығының (KAAR) мүшесі «Транстелеком» АҚ компаниясы жақында бүкіл теміржол желісін LTE желілерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.