02/5/2017 Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығының (KAAR) мүшесі «Транстелеком» АҚ компаниясы жақында бүкіл теміржол желісін LTE желілерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

02/5/2017 Қазақстан жаңалықтары

Бүгінгі таңда заманауи адам үшін не маңызды? Ол екі нәрсе – қауіпсіздік пен Интернет жүйесіне қолжеткізу. Біз қауіпсіздікке құпиясөздер, бейне бақылау камералары,  GPS навигация және т.б. құралдар арқылы қол жеткіземіз. Ал біздің қаладан алыс жерлерге саяхат жасаған кездегі «желіден тыс қалу» қорқынышымызды басу үшін, Транстелеком теміржол көлік кешенінің инфотелекоммуникациялық операторы жақында мемлекет бойынша бүкіл теміржол желісін 4G байланысымен қамтуды  жоспарлап отыр.

Транстелекомның LTE желісі ұялы операторлармен ұйымдастырылған желілерден ерекше болады. Себебі 70 Мбит/с жететін жоғары жылдамдықтағы  Интернетке қол жекізу үшін бүкіл теміржол желісінің жанында арнайы станциялар салып, вагондарға тиісті модемдер орнату керек.

Жол жүру кезінде қолданушыларды Интернет желісімен қамтамасыз етумен қатар, теміржол желісінің жанында салынған LTE 2 маңызды қызмет атқаруға арналған:

  1. Теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету. Бейне бақылау мен датчиктердегі дабыл сигналдар вагондарға енген адамдарды анықтап, ұмытылып кеткен жолжүгі туралы еске салып, тасымалдауға тиым салынатын заттарды анықтауға көмектеседі. Жүк тасымалдау вагондарындағы электрондық кілттер немес индикаторлар вагон ашылған кезде сигналдар береді. Бұл сымсыз жүйе үшін белгілі жиілік анықталады, ол дыбыс сигналы емес, диспетчерге немесе жүк иесіне жүктің ашылғаны туралы мәлімет беретін смс хабарлама.
  2. Жүргізушіге көмек беру. Егер пойыз жүргізушісі мен автокөлік жүргізушісін салыстыратын болсақ, пойыз жүргізушісін алыс бұрылыстар мен жолдардың күйін көре алмайтын болған соң, соқыр деп санауға болады. Жүргізушінің жолды бақылауға арналған құралы тек өткеліктердегі диспетчерлердің жіберетін бағдаршам сигналдары. LTE желісі бейне камераларды өткеліктер мен қырларға орнатуға мүмкіндік береді. Нақты уақыт тәптіптемесінде бүкіл жол бойы бейне бақылау жүргізу арқылы, жүргізуші жолды 2-3 км алдын ала көріп отыра алады, бұл оның апаттық тоқтауларға алдын ала әрекет жасауға көмектеседі.

Бірінші камераға жазылған жасалған жол қашықтығынан кейін, келесі қашықтықты түсіру үшін автоматты түрде екінші камера қосылады.

«Транстелеком» АҚ ресми пресс-релизінің материалдары бойынша: https://www.transtelecom.kz/ru/news/view/83

Бұл да қызықты

Қазақстандағы кітапхана қызметін автоматтандыру жастардың кітапханаларға оралуына жол ашады деп болжанып отыр.