11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

20 қыркүйекте «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру: жоғары технологиялық машина жасау» атты Қазақстан машина жасаушыларының V форумы ашылды. Форумға Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов қатысады.

11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның машина жасаушылар одағының төрағасы, ҚР Праламентінің Мәжіліс депутаты Пішембаев Мейрамның айтуынша жаңа форматта өтетін мерейтойлық форумға 40 елден келген 800 делегат жиналды.

Hilton Garden қонақүйінде екі күн бойы мынадай бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді: мұнай-газ саласындағы машина жасау, тау-кен ісіне арналған машиналар, автомобиль, ауыл шаруашылығы машиналары, темір жол, қорғаныс және оптикалық-электронды, электр саласындағы машина жасау. Бұл секцияларда нақты мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылады.

Сондай-ақ, биыл Салааралық өндірісте машина жасау технологиялары,  Электроптикалық машина жасау және Өнеркәсіп 4.0 атты жаңа секциялар ашылды, бұл секцияларда Қазақстандық индустрияны дамыту институты (ҚИДИ) өкілдері мен шақырылған сарапшылар төртінші өнеркәсіптік революциясың басталуына байланысты дамудың жаңа бағыттарды туралы әңгіме қозғайды.

Мұнай-газ саласында машина жасау секция шеңберінде өнім жеткізу көлемін ұлғайту және халықаралық мұнай-газ машина жасау салаларымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тау-кен және металлургия секциясы ашық талқылау форматында өтті. Тау-кен ірі кәсіпорындары үшін сатып алу жоспарлары мен дамудың ықпал ету тетіктері өзекті мәселеге айналды.

Бүгін, 21 қыркүйекте «Қазмедиа Орталығында» кеңейтілген пленарлық отырыс өтеді.

Форумның ресми ашылуында ҚР Инвестициялар және Даму Министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комететінің төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда машина жасау саласы жұмысын қорытындылады.

2017 жылдың басынан бастап машина жасау өндірісінің көлемі 6,3% -ға өсті. Жеңіл автомобиль өндірісі айтарлықтай өсуде – 4,7 есе (9 678 автомобиль), ал трансформаторлар – 2 есе. Электр жабдықтар өндірісі 63,8 млрд. теңгеден асты. Теміржол машина жасау өндірісі 31,5 млрд теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 6 959 млн теңге болды, тау-кен саласы үшін машиналар мен жабдықтар 8,2 млрд.теңгені құраса, мұнай өңдеу және мұнай өнеркәсібі үшін 21,2 млрд теңгеге жетті.

Біздің елімізде алдында өндірілмеген жоғары технологиялық жаңа өнімдер пайда болды: локомотивтер, электровоздар, жолаушылар мен жүк вагондары, автомобильдер. Нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Қазақстандық Автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Туреханов: «Қазақстанның машина жасаушыларының форумы машина жасау саласындағы өзекті мәселелер мен келешек бағыт-бағдар бойынша пікір және тәжірибе алмасу үшін тиімді сұхбат алаңы болып табылады.  Атап айтқанда соңғы бірнеше жылда машина жасау өнеркәсібінде автоматтандыру және роботты техника үрдістерін еңгізу және жетілдіру мәселелері белсенді талқылануда».

Бұл да қызықты

Бүгін Астанада Қазақстанның ІІІ машина жасаушылар форумы ашылды, онда 2015 жылғы 1, 2 қазанда әлемнің 20 елінен жиналған 700-ден астам делегат қатысады.
16 қыркүйекте Астанада ҚР Премьер-Министрі, ҚР Мәжіліс депутаттары және әлемнің 20 елінен 108 делегаттың қатысуымен Қазақстан Машина жасаушыларының «Дамыған машина жасаусаласы – бәсекеге қабілетті Қазақстан» тақырыбына IV Форумы өтті.