16 қыркүйекте Астанада ҚР Премьер-Министрі, ҚР Мәжіліс депутаттары және әлемнің 20 елінен 108 делегаттың қатысуымен Қазақстан Машина жасаушыларының «Дамыған машина жасаусаласы – бәсекеге қабілетті Қазақстан» тақырыбына IV Форумы өтті.
04/10/2016 Қазақстан жаңалықтары16 қыркүйекте ҚР Үкіметі және «Қазақстан Машина жасаушылар одағы» ЗТБ ұйымдастырған Қазақстан Машина жасаушылар «Дамыған машина жасау саласы – бәсекеге қабілетті Қазақстан» IV Форумы өтті. Форумның басты мақсатын ұйымдастырушылар отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету, сонымен қатар ынтымақтастыққа инвестицияларды және әлем алыптарын тарту деп жариялады.
«Жылдан жылға біздің форумдардың нәтижелері бойынша өмірге енгізіп жатқан жобалардың саны өсуде, халықаралық ынтымақтастық деңгейі артуда», – деп айтты «Қазақстанның Машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пшембаев.
ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрі Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда 4 жыл ішінде (2010 жылдан 2014 жылға дейін) Қазақстанда машина жасау саласында7 мыңнан артық қосымша жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік берген 75 ірі жоба жүзеге асырылды
Қазақстанның Машина жасаушылар одағы баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша форумда әлемнің 20 елінен шетел делегаттарының рекордтық саны қатысты.
Секциялық салалық отырыстарда бір күннің ішінде машинау жасаудың келешектегі өзекті мәселелері талқыланды – бұл тау-кен, энергетикалық, көліктік және теміржол салалары, құралдар жасау және қорғаныс өнеркәсібі, отандық машина жасау саласын қолдау шаралары, инвестицияларды тарту және экокөлікке біртіндеп ауысуымен байланысты Еуроодақ стандарттарының өзгеру және жаңа тұжырымдамалар аясында ары қарай технологиялық даму мүмкіндіктері қарастырылды.
Форумда аталғандай, өткен жылғы дағдарыстан зиян шеккен сала көлік жасау саласы болып шықты. Сонымен бірге, экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысының машина жасау кәсіпорындары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырыс портфелін 8,2% арттырды.
Материалдар бойынша: www.smkz.kz, www.tengrinews.kz, www.zakon.kz, www.inform.kz