02/5/2017 Қазақстан жаңалықтары

27- наурыздан бастап Қазақстанда II Республикалық спорттық робототехника бойынша KazRoboSport-2017 чемпионаты мен II Республикалық KazRoboProject-2017 ғылыми-техникалық жобалар сайысына іріктеу турлары басталды.

02/5/2017 Қазақстан жаңалықтары

Наурыз айының соңында Қазақстан қалаларында білім беру және спорттық робототехниканы халық арасында тарату мақсатымен «КазРоботикс» федерациясы ұйымдастырған KazRoboSport-2017 и KazRoboProject-2017 II Республикалық чемпионат пен сайысқа іріктеу турлары басталды.

Іріктеу турлары Қазақстанның 14 қаласында өткізіледі:

  27 НАУРЫЗ  

  ШҚО

  29 СӘУІР  

  СҚО

  МАМЫР  

  ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау,
  Жамбыл, Павлодар, Атырау, Қостанай және Алматы облыстары

  МАУСЫМ  

  Ақмола облысы (Астана)


Облыстарда өткен іріктеу турларында жеңіске жеткендер үшін финал биылғы жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, биылғы жылы бүкіл Қазақстаннан 500-ге жуық адам қатысады деп күтулуде, сонымен қатар финиш турда бір ұлттық құрама команда болады.

Спорттық робототехника бойынша KazRoboSport Республикалық чемпионаты 10 жас пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған. Чемпионат үш жас санатындағы топтамаларға бөлінеді:

  1. Кіші топ – 10 жастан 15 ке дейін.
  2. Ересек топ – 16 жастан 21 жасқа дейін.
  3. Ортақ топ – 10 жастан 21 жасқа дейін.

Биыл KazRoboSport-2017 сайысы сызықтар бойымен жарысу, робосумо, робофутбол, кегельринг және биатлон форматтарында өткізіледі. Барлығы классикалық спорт түріндегідей, бірақ жарысушылар – өз шеберлерімен құрастырылған роботтар.

KazRoboProject робототехника бойынша Республикалық ғылыми-техникалық жобалар сайысына 10 жас пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады. Жобалар еркін тақырыпта орындалады. Бастысы – әлеуметтік мәселені инновациялық жолмен шешу.

Чемпионат нәтижелері бойынша халықаралық жарыстар мен сайыстарға қатысатын ұлттық құрама командалары құрылатын болады. Сонымен қатар, жеңіске жеткендер қаржылай сыйлықтарға ие болады.

Қосымша ақпарат пен қатысу үшін тіркелу www.kazrobotics.org сайтында.