23/6/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

20 мамырда Қазақстанда Қазақстандық автоматтандыру және робот техникасы қауымдастығының (KAAR), Қазақстанның интернет қауымдастығының (ҚИА) және Сүлеймен Демирел атындағы университеттің қолдауымен ҚР ҰКП және LoveToCode бағдарламалау мектебі ұйымдастырған Бағдарламалау бойынша ұлттық виртуалдық олимпиада өтті.

23/6/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Еліміздің 14 өңірінен келген 5-6 сыныпта оқитын 760 оқушылар Бағдарламалау бойынша он-лайн олимпиадаға қатысты.

Барлық тапсырмалар Олимпиаданың арнайы виртуалдық платформасының базасында электрондық нұсқада ұсынылды және оқушылардың алдын-ала бағдарламалаудың қандай да болмасын тілін білуін болжаған жоқ. Бағдарламалау  тәжірибесі жоқ оқушылар  дайындық кезеңінде (16-19 мамыр) CoffeeScript-та бағдарламалық кодты жазуды үйренді және Олимпиада күні - 20 мамырда сынақтық тапсырмаларды орындады.

Тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша ҚР өңірлеріне арналған «бағдарламалауға деген табиғи қызығушылық» индексі есептелді, оның негізгі мақсаты – дарынды және бағдарламалауға бейім балалары бар өңірлерді анықтау.

Көрсеткіш әрбір өңірден 30-дан кем емес оқушы қатысу талабымен, әрбір өңір бойынша есептелген (нәтижеліліктің орташа арифметикалық көрсеткіші), ең жоғары орташа ұпаймен анықталды.

«Бағдарламалауға деген табиғи қызығушылық» индексі ең жоғары өңірлердің үштігіне кірді:

  1. Қостанай облысы (болуы мүмкін 93-тен 88 тармақ)
  2. Ақмола облысы (болуы мүмкін 93-тен 76 тармақ)
  3. Алматы облысы (болуы мүмкін 93-тен 65 тармақ)

Сонымен қатар қатысушылар саны көп өңірлер Қарағанды (барлық қатысушылардың 51%-ы), Алматы (19%) және Павлодар (8%) облыстары болды.

Олимпиадаға едәуір белсенді қатысқан мектептердің 29%-ы ауыл мектептері. Мұндай мектептерде көбінесе информатика сыныптарында орналасқан компьютерлердің саны шектеулі және интернеттің жылдамдығы төмен болған, алайда бұл жұмысқа ұстаздар белсенді атсалысып, кемшін жағдай орын алуына жол бермеген. Олимпиададан кейін жүргізілген сауалнама бойынша қатысушылардың 93%-ы келесі Олимпиадаға қатысқысы келетіндерін айтты және 85%-ы қосымша ресурстарды қолдана отырып, информатика бойынша мектеп бағдарламасын кеңейтуге тырысатындарын айтты.

Қатысушылардың гендерлік ерекшеліктері бойынша мына жағдай анықталды: қатысушылардың 63%-ы ер балалар және 37%-ы қыздар. Ер балаларға қарағанда, қатысушы-қыздар көп (51% қыздар) жалғыз облыс Солтүстік Қазақстан облысы болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қыздардың олимпиадалық тапсырмаларды орындауға едәуір мұқият қарайтынын және олимпиаданың базалық деңгейлерінде жоғары ұпайларды алатынын, ал ер балалар едәуір қиын деңгейлерге тез жететіндерін анықтады. Олимпиаданың 25+ деңгейлерінен (болуы мүмкін 30-дан) өткендердің саны - барлық қатысқан ер балалардың - 48% және  барлық қатысқан қыздардың -35%.

Олимпиаданың сайтынан оның нәтижелерімен толығырақ танысуға, сондай-ақ қалалар бойынша ең жоғары шекті ұпайлар жинаған қатысушылардың топ-парағын қарауға болады: https://www.lovetocode.org/olympiada.html