23/8/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

KazRoboProject-2018 ұлттық ғылыми-техникалық жобалар байқауында үздік атанған қазақстандық мектеп оқушысы Любовь Дудченко Қытайдағы (Чунцин қ.) CASTIC-2018 халықаралық инновациялар байқауында бірінші орынды иеленді.

23/8/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

14 тамыз бен 20 тамыз аралығында Қытай мемлекетінің Чунцин қаласында CASTIC-2018 атты ғылыми-техникалық инновациялар байқауы өтті. Осы байқауда бірінші орынды алып, екі арнайы номинация бойынша марапатталған Қазақстандық оқушы Любовь Дудченко әлемге танылды. Аталған номинациялар:

— әйгілі қытай ғалымы Гао Шичи қалаған Қордың ақшалай жүлдесі,

— Чунцин қаласының «Sanray» компаниясяның ақшалай жүлдесі.

Осыдан бұрын Любовь Дудченко KazRoboProject-2018 ғылыми-техникалық жобалар байқауының іріктемелі жарысымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен байқаудың финалынан өтті. Любовь соқыр адамдарға арналған мәтінді Брайль қарпіне аудара алатын OqupKo’rжобасын ұсынды.

Любовь 2018 жылы INN.KZ Инновациялық консалтингтік компаниясы мен «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорт роботты техника федерациясының қолдауымен өткен республикалық байқаудан сәтті өтіп, халықаралық инновациялар байқауының жеңімпазы атанды.

The China adolescents science & technology innovation contest (CASTIC)— 13-16 жас аралығындағы ғылыми жетістіктерге ие жасөспірімдер арасында өтетін жыл сайынғы халықаралық ғылыми-техникалық инновациялар байқауы. 1985 жылы негізі қаланған байқау Қытайдағы ең ірі жарыстардың бірі болып табылады. Жыл сайын әлемнің 20-дан астам елінен 1000-ға жуық жас ғалымдар 13 категория бойынша ғылыми жобалармен қатысады.

Бұл да қызықты

Қазақстандық «КазРоботикс» Федерациясы 21 маусым күні Астанада KazRoboProject атты республикалық роботты техника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының финалын өткізеді.