19/3/2018 Қазақстан жаңалықтары

19 сәуірде Павлодар қаласында «Өнеркәсіптегі ақпараттық технологиялар» атты өнеркәсіптік кәсіпорындарының менеджерлері мен IT-директорлары үшін 3-ші жыл сайынғы кәсіби конференция өтеді.

19/3/2018 Қазақстан жаңалықтары
Profit Industry Day
Күні: 2018 жылғы 19 сәуір
Орналасуы: Ертіс қонақ үйі (Павлодар қ.)

19 сәуірде Павлодар қаласындағы Ертіс қонақ үйінде ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші сарапшылары жиналып, бүгінгі таңдағы саланың ең маңызды мәселелері мен проблемалары жөнінде сөз қозғайды, сондай-ақ осы мәселелерді шешу үшін қазіргі заманғы ІТ-технологиялардың мүмкіндіктерін талқылайды.

Profit Industry Day – өндіріс кәсіпорындарының басшылары мен  IT-директорларына және энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тау-кен ісі, металлургия, химиялық өндіріс және өңдеу өнеркәсібі мамандарына арналған бизнес алаң болып табылады.  Іс-шара жыл сайын Profit Day атты Қазақстандағы салалық және тақырыптық IT-конференциялары  аясында өткізіледі.  

Конференцияға ресми сайтта онлайн тіркелуге болады: https://profitday.kz/industry

Бұл да қызықты

Қазақстанның темір жолдарына автоматтандырудың ең ауқымды жобаларының бірі енгізілді.
28 сәуірде Павлодарда өндіріс және энергетика кәсіпорындарының басшылары мен IT-директорларына Profit Industry Day атты өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы ақпараттық технологияларға арналған II тәжірибелік конференция өткізіледі.