13/12/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

KazRoboSport-2016 спорттық робототехника бойынша чемпионаты және KazRoboProject-2016 ғылыми-техникалық жобалар сайысы
ҚОРЫТЫНДЫ 16 желтоқсан күні, сағат 9:00-18:00 Астана қаласы, «Барыс» мұз сарайы, Тұран даңғылы 75

13/12/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

«КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехника бойынша Қазақстан Федерациясы KazRoboSport-2016 спорттық робототехника бойынша республикалық чемпионатының қорытынды ойынына, және KazRoboProject-2016 ғылыми-техникалық жобалар байқауының республикалық турына шақырады. Жыл бойы Қазақстанның өңірлерінде іріктеу жарыстарының барысында жеңімпаз атанғандар, 16-желтоқсанда Қазақстанның астанасындағы «Барыс» мұз сарайында өтетін қорытынды ойынға жиналады. Негізгі сайыспен қатар, іс-шара серіктестері көрермендерге арнап, көрмелер, мастер-класстар, сайыстар, «Робот шайқасы» көрінісін және басқа шараларды ұсынады.

Қазақстандық 3D Lab компаниясы оқытушыларға арнап «Білім берудегі 3D-технологияларды қолдану» атты тегін семинар жүргізеді.«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы  Қазақстандағы алғашқы «Drone Racing Kazakhstan» ұшқышсыз ұшу аппараттарының жарысын өткізіп,  сонымен қатар, «DroneExpoKazakhstan 2016» ұшқышсыз әуе көлік құралдары мен робототехника көрмесін ұйымдастырды.

Бұл да қызықты

Қазақстанда «KazRoboSport-2016» спорттық робототехника бойынша республика чемпионаты өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы еліміздің аймақтарының Білім басқармаларының қолдауымен «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы болып табылады.