18/5/2016 Жаңалықтар / Қауымдастық жаңалықтары

Қазақстандық автоматтандыру мен робототехника қауымдастығы (KAAR) 5-6 сынып оқушылары арасында Бағдарламалау бойынша Ұлттық олимпиада серіктесі болды. Олимпиада бүкіл Қазақстан бойынша 20 мамырда онлайн режимінде өтеді. Бұл шараның ұйымдастырушысы Love To Code алматылық бағдарламалау мектебі болып табалады.

18/5/2016 Жаңалықтар / Қауымдастық жаңалықтары

ҚР «Атамекен» ҰКП,  Қазақстандық автоматтандыру мен робототехника қауымдастығының, Қазақстанның интернет қауымдастығының және  «Шаг» (Қадам)  компьютерлік академиясының қолдауымен 20 мамырда Қазақстанда CodeMonkey платформасында 5-6 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша ұлттық виртуалды олимпиада өтеді.

Олимпиада заманауи бағдарламалауды оқушылар үшін аса күрделі емес және қызықты пән ретінде көрсету мақсатында өткізіледі. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР қалалары мен аймақтарында «бағдарламалауға деген табиғи қызығушылық» индексі есептеледі. Бұл шара аймақтардың талантты да бағдарламалауға бейім балаларын айқындауға мүмкіндік береді.

Олимпиадаға еліміздің барлық тілек білдірген мемлекеттік және жеке меншік мектептері қатыса алады, ол үшін 2016 жылғы 19 мамырға дейін olympiada@lovetocode.kz e-mail-іне хабарлама жібереді немесе олимпиаданың мына ресми сайтында https://www.lovetocode.org/olympiada.html тапсырыс береді. Сонымен қатар әрбір қатысушы CodeMonkey ресурсы сайтында httpss://www.playcodemonkey.com тіркелеуі тиіс.

CodeMonkey – интерактивті білім беру курсы, онда бағдарламалау тәжірибесі жоқ әрбір қатысушы CoffeeScript-те бағдарлама жазуды үйрене алады. Сондықтан олимпиадаға қатысу оқушылардың қандай да бір бағдарламалау тілін міндетті түрде білуін талап етпейді. 16-19 мамыр кезеңінде барлық қатысушыларға CodeMonkey сайтындағы тапсырмаларды орындап, бағдарламалау бойынша жаттығуға мүмкіндік беріледі.

Әр түрлі ауысымда оқитын оқушыларға ыңғайлы болуы үшін олимпиада 20 мамырда сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін өткізіледі. Электрондық түрдегі тапсырмалар олимпиаданың ресми сайтында 20 мамыр күні сағат 09:00-де орналастырылады. Олимпиада нәтижесі 31 мамырға дейін жарияланады.

Ұйымдастырушылардың - Love To Code бағдарламалау мектебінің хабарламасы бойынша – бүгінгі күні еліміздің 12 аймағынан 1100-ден астам қатысушы тіркелген.

https://www.lovetocode.org/olympiada.html және https://profit.kz материалдары бойынша