22/10/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанада, ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушылар одағының және ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты VI Қазақстан машина жасаушылар форумы өз жұмысын бастайды.

22/10/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Форумның бірінші күні келесі 9 сала бойынша секциялық кездесулерге арналған: мұнай-газдық машина жасау, машина жасау технологиялары, автомобиль жасау, ауыл шаруашылық, электртехникалық, тау-кен және металлургиялық, теміржол, қорғаныс және оптика-электронды машина жасау және индустрия 4.0.

Форумның екінші күні – пленарлық отырыс. Форумның қатысушылары іскерлік пікірталас түрінде орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қойып, жауап ала алады.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі – мемлекеттік органдар және даму институттарымен бірлесе отырып, Қазақстан машина жасаушылар одағы әзірлеген Қазақстанның машина жасау саласының  2019-2030 жж. даму жоспарының жобасын таныстыру және талқылау. Бұл жоба сала дамуының орта мерзімді стратегиялық көзқарасы болып табылады.

Биылғы жылы Қазақстан машина жасаушыларының VI форумында Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов «Роботты кешендер сервис ретінде» тақырыбында сөз сөйлейді.

Қазақстан машина жасаушыларының форумы 2018 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өткізіледі.

Форумға қатысу тегін. Электрондық тіркеу www.smkz.kz сайтында жүргізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 79-27-95 немесе info@smkz.kz