27/8/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Қазіргі таңда Қазақстан, Америка Құрама Штаттары мен Канадада сынақтан өтіп жатқан TYPI Messenger атты жаңа чат бағдарламасын App Store мен Google Play-ден жүктеп алуға болады.

27/8/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

TYPI(«Тайпи») мессенджері, шындығына келгенде, біз күнде қолданып жүрген мессенджерлердегі мәтіндік және дыбыстық хабарламалар мен мультимедиа файлдарын жіберу, топтық чаттар ашу, пайдаланушыларды шақыру сияқтықалыпты функцияларды атқарады. Хабарламаларға түсініктеме жазу, оларды қайта жіберу, суретке мәтін қосу, локация мен контактілер жіберу секілді қалыпты функциялар әлі де әзірленіп жатыр, бірақ жақын арада іске қосылады деп күтілуде.

Дегенмен, бұл қолданба ерекше функциялар ұсынып отыр. Мысалы, «Калифорния» деп аталатын функция 20-ға дейінгі пайдаланушылардың интерактивті ахуалын нақты уақытта көруге мүмкіндік береді.

Жасаушылардың пікірінше, қоғамдағы жасырын проблема – әр адаммен үнемі араласуға уақыттың жетіспеушілігі. Кейде балалық шақта жақын болған достарға, бөле немесе жиендерге, бұрынғы әріптестерге және тағы басқаларға хабарласуға жылдап қол тимейді. «Калифорния» бұл мәселені шешуге көмектеседі. Біз олардың не істеп жатқанын, жағдайларының жақсы екенін оларға қоңырау шалмай-ақ, хабарлама жазбай-ақ көре аламыз.

 «Калифорния» бірегей жаңа функциясымен қатар, әзірлеушілер 3 ай сайын жаңа бір функцияны енгізуді жоспарлап отыр, мысалы: Venice 1, Venice 2, Twix, Acapella 1, Acapella 2, Gorgona, London-New York, McDuck. Бұлардың қандай қызмет атқаратынын мамандар әзірше құпия сақтап отыр, бірақ олардың «Калифорния» сияқты қызықты болуы сөзсіз.

Бүгінгі таңда қазақстандық TYPI мессенджері үш елде, атап айтқанда Қазақстан, АҚШ және Канадада, сынақтан өтуде. Егер сіз осы елдердің бірінде тұрсаңыз, жаңа бағдарламаны сынап көріңіз. Сұрақтарыңыз немесе тілектеріңіз болған жағдайда қолданбаның ішіндегі «Typi Support» деген пайдаланушыға хабарласыңыз. Әзірлеушілер мессенджерді осы жылдың қараша айында барлық ТМД елдерінде, ал желтоқсанның соңына қарай Еуропа елдерімен қоса әлемнің 150-ден астам елдерінде іске қосуды жоспарлап отыр.