11/6/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық «КазРоботикс» Федерациясы 21 маусым күні Астанада KazRoboProject атты республикалық роботты техника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының финалын өткізеді.

11/6/2018 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Өткізілетін күні: 2018 жылдың 21 маусымы
Өткізілетін орны: «Назарбаев орталығы», Астана, Әлихан Бөкейханов к-сі, 10
Уақыты: 10: 00-13: 00

21 маусым күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында KazRoboProject атты республикалық роботты техника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының іріктеу турларының финалистері атанған жас роботты техниктертердің 26 командасы жиналады.

Еске сала кетейік, KazRoboProject іріктеу турлары осы жылдың көктемінде Қазақстанның 16 өңірінде өтті. Байқауға бүкіл Қазақстаннан 200-ден астам жоба қатысты.

KazRoboProject – Роботты техника бойынша ғылыми-техникалық жобалардың республикалық байқауы. Қазақстанда бұл байқауды «КазРоботикс» атты Қазақстандық білім беру және спорттық роботты техника федерациясы 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізеді. 2018 жылы іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының жалпы қолдауымен өткізіледі. KazRoboProject байқауының іріктеу турларымен қатар, KazRoboSport-2018 спорттық роботты техника бойынша республикалық жарыстың іріктеу турлары өтті, оның финалы 30-31 қазанда Петропавл қаласында өтеді«КазРоботикс» Федерациясының статистикасына сәйкес, іс-шара өткізілген үш жылдың ішінде қатысушылар саны 3 есе өсіп, қалалардың қамтылуы 2 есеге, яғни 8ден 16 өңірге көбейді.

Бұл да қызықты

KazRoboSport-2016 спорттық робототехника бойынша чемпионаты және KazRoboProject-2016 ғылыми-техникалық жобалар сайысы
ҚОРЫТЫНДЫ 16 желтоқсан күні, сағат 9:00-18:00 Астана қаласы, «Барыс» мұз сарайы, Тұран даңғылы 75