05/3/2018 Қазақстан жаңалықтары

30-31 наурызда Қарағанды қаласында ROBOLAND 2018 атты ірі роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді, және онда әлемнің әртүрлі елдерінен 400-ден астам команда 32 номинация бойынша бәсекеге түсу үшін «Жастар» спорт кешеніне жиналады.

05/3/2018 Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды тұрғындары мен қонақтары 30-31 наурызда ROBOLAND 2018 атты роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар IV фестивалінде жиналып, 2 күн бойы роботты техника және инновациялық технологиялар әлеміне батады.

ROBOLAND фестивалі 2015 жылдан бастап мектеп және колледж оқушылары арасында білім беруге арналған роботты техниканы кеңінен тарату, осы саладағы қоғамдастықтарды дамыту және біріктіру, мұғалімдердің, студенттер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға арналған алаң болып табылады. Биылғы жылы ROBOLAND роботты техникамен қатар бағдарламалау және инновациялық технологиялар сияқты пәндерді қосу арқылы іс-шара ауқымын кеңейтіп отыр.

Халықаралық фестивальға 32 номинация бойынша түрлі елдерден 400-ден астам команда қатысады деп күтілуде. Мысалы, 2017 жылы 24 номинация бойынша 392 команда қатысты. Бұл 800-ден астам қатысушы.

Негізгі жарыстармен қатар екі күн бойы дәстүрлі түрде роботты техника және инновациялық технологиялар көрмесі мен роботтар шоуы, сонымен қатар роботты техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік мамандар  мен оқытушылардың семинарлары өтеді. Бұл жолы фестивальге көптеген әйгілі мамандар қатысады, олардың ішінде роботты техника бойынша танымал кітаптардың авторы Виктор Петин, Ресейдегі ең үздік STEM-мұғалімі Юлия Понятовская, Мәскеудің «Кулибин-орталығының» директоры Светлана Шиповская және т.б.

ROBOLAND 2018 аясында «Білім беруді цифрлы түрлендіру: болашақ құзыреті» атты дөңгелек үстел өтеді, онда әр түрлі елден келген 200-ге жуық маман, соның ішінде Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов, қатысады.

Фестивальге қатысу өтінімдерін 2018 жылдың 15 наурызына дейін www.roboland.kz сайтында тіркеуге болады.  

Ұйымдастыру комитетімен байланысу:  

тел/факс: +7 (7212) 41 51 94,  

моб.тел: +7 705 303 3863, +7 701 903 8617. 

E-mail: roboland.kz@gmail.com  

Бұл да қызықты

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының (KAAR) қолдауымен 6-7 қазанда Ақтөбеде «KazRobotiks-2017» атты Халықаралық робо-фестиваль өтті.
Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының мүшесі болып табылатын Bridge Group компаниялар тобы үлкен компаниялар мен жаңа IT-мамандардың стартап-компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында әлеуметтік желіде жаңа жоба іске қосты.