08/1/2018 Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының мүшесі болып табылатын Bridge Group компаниялар тобы үлкен компаниялар мен жаңа IT-мамандардың стартап-компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында әлеуметтік желіде жаңа жоба іске қосты.

08/1/2018 Қазақстан жаңалықтары

Бүгінгі таңда инновациялық технологиялар саласындағы мамандар тапшылығы қазақстандық нарықтағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шамамен әрбір мамандандырылған форум немесе конференция IТ мамандары үшін қосымша оқыту тақырыбын қозғайды. Компаниялар заманауи нарықтың нақты мәселелерін шеше алатын қазақстандық мамандарды табу қиын екендігін үнемі айтады. StartUp жобалары бойынша өткізілетін жарыстар да қазіргі жағдайға әрдайым сай келмейді.

Өзінің міндетін жүзеге асыра отырып, қазақстандық Bridge Group компаниялар тобы әлеуметтік желіде корпорациялар мен стартаптар арасындағы ынтымақтастық үшін бірегей жобаны іске қосты. Жоба Telegram-да іске қосылды, және әр түрлі қазақстандық және халықаралық компаниялардың алдағы іс-шаралары, конкурстары мен технологиялық инновацияларға сұранысы туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландырулардан басқа, жоба парақшасында жоғары технологиялық нарықтың үрдістері туралы ақпарат, көп талап етілетін IT-міндеттері мен олардың ықтимал шешімдері жарияланады.

Телеграммадағы жобаға сілтеме: httpss://t.me/corpupkz

Анықтама:

Bridge Group – мемлекеттік және жеке компаниялар, ең ірі мұнай-газ және өнеркәсіптік компаниялар үшін күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және қолдау көрсетуге маманданған компаниялар тобы. Стратегиялық ақыл-кеңес беру, жобаларды басқару, білім беру технологиялары және стартаптардың жеделдетілуімен айналысады. Компаниялар тобының бас кеңсесі Астана қаласында, ал оның өкілдіктері Киев, Мәскеу, Вена және Парижде орналасқан.

https://group-bridge.com/ru/

Бұл да қызықты

Қазақстандық оқушылар командасы әзірлеген «QamCare» ұялы телефон қосымшасы Америкадағы IT-конкурста үздік атанды.
Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының (KAAR) қолдауымен 6-7 қазанда Ақтөбеде «KazRobotiks-2017» атты Халықаралық робо-фестиваль өтті.