Apple, Hewlett-Packard, Dell, Sony өнімдерін шығаратын Foxconn зауыты (Тайвань) біртіндеп 100%-дық автоматтандырылуға көшетіндігін жариялады. 10-15 жыл ішінде миллион өнеркәсіптік роботты орнату жоспарлануда.
Michelin компаниясы жастардың автоматтандыру саласының мамандықтарына қызығушылықтарын танытуларын күтпестен, конкурстық негізде шұғыл қызметтен өткен немесе ЖОО мен колледждердің студенттері болып табылатын болашағынан үміт күттіретін жастарды өзінше іріктеуді бастап кетті.
Халықаралық робот техникасы федерациясының мәліметтері бойынша, Қытай әлемдік автоматтандыру нарығында көшбасшы елге айналып келеді, 2014 жылы елдің өнеркәсіптік роботтар нарығы 54 пайызға өскен.
Үндістанның өндірістік секторындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік автоматтандырудың озық шешімдеріне сұраныстың артуының себебі болып отыр.
2013 жылдан 2019 жылға дейін кезеңге есептелінген зерттеулердің бірінші мәліметтері бойынша өнеркәсіптік автоматтандыру және робот техникасының әлемдік нарығының көлемі 2019 жылға қарай $147,7 млрд. құрауы мүмкін.
Кеше, 2015 жылдың 12 шілдесінде Facebook компаниясы өзінің бесінші Мәліметтерді өңдеу орталығының (ДӨО) құрылысын бастады, бұл орталық Техас штатында 1700 акр аумақта орналасқан жел қондырғылары өндіретін қуат күшімен жұмыс істейтін болады.
2015 жылғы 30 маусымда Дубай қаласында шынайы офистің үшөлшемді басылымы басталды, бұл қала басшыларының пікірінше құрылыс мерзімін 70 пайызға дейін және құрылыс қоқысының пайда болуын 60 пайызға дейін қысқартады.
Австралиялық инженерлер сағатына 1000 кірпіш қалайтын және тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін роботтандырылған кірпіш қалаушыны жасап шығарды.
Баспасөз өнімдерін сату автоматтандырылған дүңгіршектер оқырманға сатып алу үшін оған барлық басылымды емес, бірақ тек оны қызықтырған ғана ақпаратты таңдай алуын қамтамасыз етеді. «Газетті-кітап автоматта» ақпаратты таңдау үшін үстіне саусақпен басқан және төлем жасаған кезде жарқын тақырыптар көмектеседі, ал содан кейін сізге жарияланымның басылған нұсқасын алуға болады.
Қытай үкіметі елді 2018 жылға дейін «мықты өндірістік ірі мемлекетке» айналдыру үшін «Industry 4.0» атты жаһандық автоматтандыру жобасына 1,2 трлн еуро жұмсауды жоспарлап отыр.