13/9/2017 Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар командасы әзірлеген «QamCare» ұялы телефон қосымшасы Америкадағы IT-конкурста үздік атанды.

13/9/2017 Қазақстан жаңалықтары

Сан-Франциско қаласында өткен IT-Technovation Challenge атты  халықаралық байқауда Қазақстандық «/flash»  тобы өзінің әлеуметтік жоба болып табылатын «QamCare» ұялы телефон қосымшасымен жеңіске жетті. Бұл қосымша пайдаланушының  қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді және, қажет болған жағдайда, дереу туыстары немесе достарына өзінің орналасқан жері туралы хабарлама жібереді. Бұл қосымшаның ерекшелігі – қажет уақытта ұялы телефон жоғалған не бұзылған жағдайда, телефонның қатысуынсыз көмек сұрау хабарламасын жіберуге мүмкіндік беретін SOS батырмасында.

Алматы оқушылары Ажар Султансих, Диана Жанақбаева, Дияра Бейсенбекова, Аружан Қошқарова халықаралық құрметпен қатар 15,000 АҚШ долларын құрайтын бас жүлдеге ие болды. Қазақстандық «GoWaco» тобы финалға шыққан ТОП-6-ға ілініп, 10 000 АҚШ долларын құрайтын кепілдік жүлдені қанжығасына байлады.

Халықаралық Technovation Challenge IT-байқауы – 10-18 жас аралығындағы қыздар арасында IT және кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық әлеуметтік бағдарлама.

Бүкіл әлем бойыншаі оқушы қыздар қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған өздерінің ұялы телефон қосымшаларын дамытады. Байқаудың ұйымдастырушысы – Iridescent атты бейкоммерциялық ұйым.

www.profit.kz  материалы бойынша.

Бұл да қызықты

3 мамыр күні Женевада Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу аясында WSIS Project Prizes 2016 халықаралық конкурсы болып өтті, мұнда «Мемлекеттік органдарға арналған деректерді өңдеу орталықтары» қазақстандық жобасы «Ақпараттық және коммуникациялық құрылым» санатында үздік деп танылды.