13/12/2016 Қауымдастық жаңалықтары

Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығының (KAAR) президенті – Владимир Төреханов 24-25 қараша күндері Санкт-Петербург қаласында өткен «Экстремалдық Робототехника» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысты.

13/12/2016 Қауымдастық жаңалықтары

24-25 қарашада Санкт-Петербург қаласында Ресей Федерациясының РжТК ОҒЗИ МҒО ұйымдастыруымен, «Экстремалдық Робототехника» атты 27-ші ғылыми-техникалық конференция өтті. Конференция Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығының (KAAR) президенті – Владимир Төрехановтың қатысуымен өтті. 

«Қауымдастықтың мамандандырылған халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысуы халықаралық байланыстарды орнатуға,  автоматтандыру және робототехника салаларындағы жаңа өнімдермен танысуға және солардың ішіндегі  үздіктерін болашақта Қазақстан нарығына енгізуге көмектеседі».

Конференция робототехникалық жүйелер мен  оларды жобалау, төтенше жағдайларда жұмыс істеу шарттарының робототехникасы (ғарыш және теңіз робототехникалары), медицинадағы әскери және терроризмге қарсы робототехникалар сияқты өзекті мәселелерге арналған пленарлық және секциялық отырыстар,  талқылау, дөңгелек үстелдер форматтарында өтті.

Жыл сайын, халықаралық конференцияда әр түрлі елдерден келген жетекші мамандар мен жас ғалымдардың, сонымен қатар қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктер өкілдерінің бастары қосылады.

2016 жылы өткен «Экстремалдық Робототехника» халықаралық конференциясы РжТК ОҒЗИ негізін қалаушысы және конференция бағдарламасының тұрақты төрағасы Евгений Иванович Юревич 90-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Материалдары бойынша: http://er.rtc.ru/index.php/ru/

Бұл да қызықты

17-18 қазан күндері Қазақстандық Автоматтандыру және Робототехника Қауымдастығы (КААР) Австрияның Линц қаласында Қазақстан Машина Жасаушыларының Одағының төрағасы Мейрам Пішембаев пен Австриялық федералдық-экономикалық палатаның вице-президенті Рихард Шенцтің қатысуымен өткен Қазақстандық-Австриялық іскерлік кеңеске қатысты.