23/8/2016 Халықаралық жаңалықтар

Осы жылдың шілде айында Даллас қаласында (АҚШ) адамзат тарихында алғаш рет қарулы қылмыскерді өлтіру үшін робот қолданылды.

23/8/2016 Халықаралық жаңалықтар

Күні кешеге дейін адамды робот арқылы арнайы өлтіру тек фантастикалық фильмдерде ғана кездесетін. Бірақ осы жылы роботты техника және адамзат тарихында алғаш рет қылмыскерді өлтіру үшін робот қолданылды. Бұл оқиға Даллас қаласында (Техас, АҚШ) болды, полиция қызметкерлері робот-сапердің көмегімен жаппай наразылық білдіру кезінде 5 адамды мерт қылған қарулы қылмыскердің көзін жойды.

Атышулы операция 2016 жылдың 8 шілдесінде болған. MARSbot IV робот-сапёрі манипулятор-қолында бомба ұстаған күйінде қарулы қылмыскер жасырынған гаражға келіп, оның көзін жойды. Осының алдында ол Даллас қаласындағы жаппай наразылық білдіру кезінде атыс ұйымдастырып, 5 полиция қызметкерін атып өлтірді, 7 полиция қызметкерін және 2 азаматты жаралады.

Бомба іздеуге арналған бейнекамерасы бар MARSbot IV әдетте бомбаларды залалсыздандыруға арналған. Ол бомбаға немесе күдікті пакетке жақындап келеді де, манипулятор-қолының көмегімен нысанды ұстап алып, қауіпсіз жерге әкетеді. Жоғарыда аталған жағдайда автоматтандырылған сапер кері мақсатта қолданылды. Роботтың манипулятор-қолына бомбаны әдейі орнатып, оны қылмыскердің жасырынған жеріне жіберді. Сол жерде бомба іске қосылды.

Полицияның автономды робот-саперлерді осылайша мақсатына сай қолданбау жағдайы бірінші рет емес деп атап өтіледі. Мәселен, 2015 жылдың сәуір айында Сан-Хосе полициясы бір адамды өз-өзіне қол жұмсаудан айнытты: робот оған пицца мен телефон әкелген соң, онымен әңгімелесудің сәті түсті.

Әрине, роботты қылмыскердің көзін жою мақсатында қолдану қаншалықты заңды және бұндайға жол беруге бола ма деген үлкен дау-дамай туындатты. Алайда, осы секілді мысалдар полиция қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар үшін қауіпті жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі робот техникасы мүмкіндіктерінің көрнекі түрдегі үлгісі екенін көрсетті.

www.geektimes.ru материалдары бойынша

Бұл да қызықты

2016 жылдың наурыз айында Дубайда, жүлде қоры бір миллион АҚШ долларын құрайтын World Drone Prix (WDP) ұшқышсыз дрондар жарысы өтеді.
Қытайдағы «Ифэн» роботты техника зауытында қазіргі заманғы Geta көлік қоюға арналған автомат жасап шығарылды, ол адамның қарайласуын қажетсінбей, толығымен өз бетінше жұмыс істейді.