30/5/2016 Қазақстан жаңалықтары

3 мамыр күні Женевада Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу аясында WSIS Project Prizes 2016 халықаралық конкурсы болып өтті, мұнда «Мемлекеттік органдарға арналған деректерді өңдеу орталықтары» қазақстандық жобасы «Ақпараттық және коммуникациялық құрылым» санатында үздік деп танылды.

30/5/2016 Қазақстан жаңалықтары

WSIS Project Prizes халықаралық конкурсы жыл сайын ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу аясында өткізіледі. Бұл ақпараттық технологиялар саласындағы ең ірі әлемдік оқиға, дүниежүзі бойынша беделді IT-сарапшылардың сұхбат өткізуіне арналған алаң. Осы жылы ол Женевада 2-6 мамыр аралығында болып өтті.

Конкурста Қазақстанның атынан бірнеше жоба ұсынылды. Және олардың ішіндегі біреуі – Мемлекеттік органдарға арналған ДӨО – «Ақпараттық және коммуникациялық құрылым» санатында үздік деп танылды. 

«Деректерді өңдеу орталықтары» жобасы ҚР электронды үкіметін дамытуға арналған инфрақұрылымдық алаң болып табылады, бұл биліктің мемлекеттік органдарының қаржылық шығындарын деректерді сақтау құралдарын шоғырландыру есебінен оңтайландыруға мүмкіндік береді.  Дата-орталықтар Қазақстанның 14 қаласында орналасқан,  олардың мониторингі Астанадағы серверлік орталықтан жүргізіледі.

ДӨО жобасын сүйемелдеу, қызмет көрсету және техникалық қолдау жұмыстарын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» қазақстандық компаниясы жүргізеді.

Кездесу барысында WSIS Project Prizes 2016 жеңімпаз жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Зерде» холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы өкілдерінің құрамынан тұратын қазақстандық делегация басқа қазақстандық қатысушы жобалар туралы тәжірибемен бөлісті, олардың қатарында «Ашық деректер», «Бірыңғай байланыс-орталығы», «Ақапараттандыру туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдар бар. 

www.bnews.kz, www.government.kz материалдары бойынша.

Бұл да қызықты

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, оның шеңберінде Қостанай облысында ДӨО іске қосылды.