07/4/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда «KazRoboSport-2016» спорттық робототехника бойынша республика чемпионаты өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы еліміздің аймақтарының Білім басқармаларының қолдауымен «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы болып табылады.

07/4/2016 Жаңалықтар / Қазақстан жаңалықтары

Робототехника бойынша халықаралық спорт жарыстары 90-шы жылдан бастап өте бастады, біртіндеп бұл жарыстарға назар аударған елдер саны көбейе түсті және ол дүние жүзінде танымалдыққа ие болды. Бұл жарыстар дәл спорт жарыстарына ұқсайды, олар да әлемнің чемпионаттары мен олимпиадаларының ұқсас ережелер бойынша өткізіледі, тек бұл жарыстарда адамдардың орнына трюктерді орындауға күші, шапшаңдығы, төзімділігі, ептілігі, бірегейлігі бойынша роботтар жарысады. Мұнда да классикалық спорттағыдай құмарлық, командалық рух, жеңіске ұмтылыс және табанды тұрақты «жаттығулар» бар.

Қазақстанда робототехника бойынша чемпионат республикалық деңгейде жүргізіледі. Спорттық қызығушылық пен құмарлықтан өзге KazRoboSport-2016 ұйымдастырушылары білім беру мақсатын да көздейді – сайысқа қатысушылар (бұлар 10-нан 25 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттер) жеңіске жету үшін тек роботты жинап қана қоймайды, сонымен бірге оған үздік «спорттық қасиеттер» береді. Бұл электроника, механика, информатика және басқа да дәл ғылымдар білімінсіз мүмкін емес.

Биылғы жылы Чемпионат бес «спорт жарысынан» тұрады. Робот-сумошылар шаршы алаңда өздерінің күштерін көрсетеді, дәл лақтыру қабілеттерін «кегельрингте», ал шапшаңдығын «сызық бойынша жарыста» және «слаломда» көрсетеді. Әрине, Қазақстан чемпионаты әлемдегі ең танымал спорт түрі - футболсыз өтпейді. Робофутболдың классикалық футболдан айырмашылығы – бұл алаңның өлшемі мен командадағы ойыншылар саны. Робофутболда тек екі футболшы, бір қақпашы және бір шабуылшы болады.

2 адамнан тұртын қатысушы командалар өз роботтарын бір немесе бірден бірнеше спорт түрі бағытында таныта алады.

KazRoboSport екі кезеңде өтеді: ел аумақтарындағы 2016 жылдың екінші тоқсанында басталатын іріктеу тулары және республикалық жарыс, оған аймақтардың/облыстардың ең мықты командалары жиналады. Чемпионат финалы 23-25 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өтеді. Ал жеңімпаздар тек спорттық робототехникадан Қазақстан чемпионы атағын ғана алып қоймайды, сонымен қатар аса ірі халықаралық жарыстарда өз елінің атынан өнер көрсету үшін ҚР құрама командасына қабылданады. «КазРоботикс» ABU Robocon Азия-Тынық мұхит аймағының робототехника бойынша ірі жарысына, роботтар арасындағы RoboCup футболдан әлем чемпионатына, сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан қатысқан және көптеген елдер арасында жүлделі үшінші орынға ие болған Дүниежүзілік роботтар олимпиадасына (WRO) Қазақстан атынан сайысқа түсуді жоспарлауда.

Конкурстың ережелері мен регламенті туралы толығырақ танысуды және қатысуға тапсырыс беруді https://www.kazrobotics.org/championship/ сайты арқылы жүзеге асыруға болады.

Анықтама:

Қазақстандық «КазРоботикс» спорттық және білім беру робототехникаларының федерациясы – Қазақстанның робототехниктерін біріктіретін және ҚР оқушылары, студенттері және педагогтары мүддесінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым. 2015 жылғы маусымда құрылған. Бас кеңсесі Ақтөбе қаласында орналасқан. Бүгінгі таңда Қостанай, Павлодар, Астана, Атырау қалаларында, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында филиалдары мен өкілдіктері бар.

Федерацияның миссиясы – Қазақстанда білім беру және спорттық робототехниканы дамыту.

Федерация қызметінің негізгі бағыттары елімізде робототехниканы әйгілеу, халықаралық тәжірибе алмасу негізінде білікті кадрлар даярлау, әр түрлі ғылыми-практикалық конференциялар, олимпиадалар және жарыстар өткізу және оларға қатысу болып табылады.

Бұл да қызықты

Қазақстанда 10 жастан 25 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер арасында ел өңірлерінің Білім басқармаларының қолдауымен «КазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы ұйымдастырған «KazRoboProject-2016» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалардың республикалық конкурсы басталады.