17/2/2016 Халықаралық жаңалықтар

Wi-Fi Alliance® арнайы Заттар Интернеті (IoT) концепциясы үшін Wi-Fi жаңа технологиясын ұсынды, бұл IoT стандарттауға кезекті қадам болып табылады. Бұл мәселе 2015 жылы Дубайдағы Заттар Интернеті бойынша Дүниежүзілік форумда басымдық жағдайда талқыланған болатын.

17/2/2016 Халықаралық жаңалықтар

Wi-Fi Alliance® Заттар Интернеті (IoT) концепциясы үшін арнайы төмен энергия тұтынумен алысқа қатынайтын сымсыз қосылатын Wi-Fi HaLow™ (IEEE 802.11ah) жаңа технологиясын ұсынды, бұл KAAR Президенті Владимир Турехановтың пікірінше, IoT стандарттауға кезекті қадам болып табылады, және бұл мәселе ол қатысқан Заттар Интернеті бойынша (InternetofThingsWorld Forum-2015, Дубай) Дүниежүзілік форумда басымдықта болған.

Заттар Интернетіне қызығушылық өндірушілерді төмен энергия тұтынумен сымсыз қосылатын технологияларға назар аудартуға итермелейді. Wi-Fi Alliance® Wi-Fi HaLow™ (IEEE 802.11ah) ұсынатын жаңа технология үшін бір гигагерцтен төмен жиілік қолданылады, онда Wi-Fi құрылғылары үлкен қашықтықтан және энергияның аз шығындалуымен қосыла алады. Бұл «ақылды үйлер», «ақылды көліктер», сандық денсаулық сақтау үшін, сондай-ақ өнеркәсіпте, бөлшек саудада, ауыл шаруашылығы мен «ақылды қалалардың» барлық ортасында сымсыз қосылулардың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Wi-Fi HaLow сездіргілер және алып жүретін электрондық құрылғылар сияқты қосымшалар үшін қажетті мүмкіндіктерді ұсына отырып, Wi-Fi-ды 900 МГц диапазонға кеңейтеді. Әрекет ету радиусы бойынша жаңа технология қолданылатын Wi-Fi нұсқаларынан шамамен екі есе асып түседі. Ол сондай-ақ радиотолқындарға кедергілер арқылы енуге тура келетін жағдайларда неғұрлым сенімді қосылуды қамтамасыз етеді. Бұнымен қоса Wi-Fi HaLow орнату қарапайымдылығы мен 6,8 млрд- тан артық құрылғыны қамтитын, Wi-Fi қолданыстағы архитектураға интеграциялану мүмкіндігі айтылады. Wi-Fi құрылғылары сияқты, Wi-Fi HaLow құрылғылары да IP бойынша қосылуды қолдайды, соның есебінен олар қабықшалармен жұмыс істей алады, бұл Заттар Интернеті концепциясы үшін маңызды. Wi-Fi HaLow технологиясының тағы бір маңызды жетістігі мыңдаған құрылғылардың бір қолжетімдік нүктесіне қосылу мүмкіндігі болып табылады.

KAAR Президенті Владимир Туреханов былай дейді: «Өткен жылдың желтоқсан айында Дубайда болып өткен Заттар Интернеті бойынша Дүниежүзілік форумда Заттар Интернетінің әрі қарай өсуі мен ауқымдалуы үшін сәйкес стандарттарды қабылдау қажет деген түсінік қатысушылардың көңілінен шықты, бұл өз кезегінде IoT- құрылғылардың өзара үйлесімділігінің кепілі болмақ»

Дереккөз: wi-fi.org, cisco.com

Бұл да қызықты

Кеше, 2015 жылдың 12 шілдесінде Facebook компаниясы өзінің бесінші Мәліметтерді өңдеу орталығының (ДӨО) құрылысын бастады, бұл орталық Техас штатында 1700 акр аумақта орналасқан жел қондырғылары өндіретін қуат күшімен жұмыс істейтін болады.
2016 жылдың наурыз айында Дубайда, жүлде қоры бір миллион АҚШ долларын құрайтын World Drone Prix (WDP) ұшқышсыз дрондар жарысы өтеді.