13/1/2016 Халықаралық жаңалықтар

2016 жылдың наурыз айында Дубайда, жүлде қоры бір миллион АҚШ долларын құрайтын World Drone Prix (WDP) ұшқышсыз дрондар жарысы өтеді.

13/1/2016 Халықаралық жаңалықтар

Чемпионатты Дүниежүзілік жарыс дрондарының ұйымы (World Organisation of Racing Drones, WORD), Дубайдың мұрагер ханзадасының қамқорлығымен, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) министрлер кабинетімен серіктестік жасаумен өткізеді.

2016 жылы әлемнің түрлі елдерінде біліктілік кезеңі өтеді. Біліктіліктен өткен командалар жарысқа қатысады және ресми ашылу қарсаңында Дубай қаласында жаттығу мүмкіндігіне ие болады. Жарыстың бірінші күні 11 наурызда өтеді.

Өтінімдер, құрамы: ұшқыш, штурман, екі механик және капитан, бес адамнан кем емес командалардан қабылданады. Әр команданың демеушісі болуы қажет. Жүлделер әр түрлі санаттарда, сонымен бірге, ең үздік жарыс құралын өндірушіге де берілетін болады.

БАӘ министрі, Абдулла Аль-Гергавидің (Mohammed Abdullah Al Gergawi) пікірінше, дрондар жарысы, болашақ көлігі ретінде, ұшқышсыз технологиялардың дамуына септігін тигізеді.

Жарыстың ресми сайты: https://www.worlddroneprix.com/. Қатысуға ниет білдірушілер ол жерде өзінің командасын тіркей алады.

Бұл да қызықты

Кеше, 2015 жылдың 12 шілдесінде Facebook компаниясы өзінің бесінші Мәліметтерді өңдеу орталығының (ДӨО) құрылысын бастады, бұл орталық Техас штатында 1700 акр аумақта орналасқан жел қондырғылары өндіретін қуат күшімен жұмыс істейтін болады.
FMTC мехатроника орталығында (АҚШ) қашықтықтан басқарылатын хай-тек тракторы жасап шығарылған. Құрылғы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбегін жеңілдетуге арналған.