15/12/2015 Қауымдастық жаңалықтары

Қазақстандық Автоматтандыру және робот техникасы қауымдастығы (KAAR) Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында (ҚР ҰКП) ҰКП Комиттері жұмысына қатысу құқығымен аккредитациядан өтті.

15/12/2015 Қауымдастық жаңалықтары
Қазақстандық Автоматтандыру және робот техникасы қауымдастығы (KAAR) Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында (ҚР ҰКП) аккредитациядан өтті.

ҰКП жүйесінде аккредиттеу ережесіне сәйкес KAAR біліктілік талаптарынан өтіп, ҰКП Комиттері - Ұлттық палата Президиумының тұрақты жұмыс органдарының жұмысына қатысу құқығымен аккредиттацияны алды.

KAAR Президенті Владимир Туреханов АКТ және «жасыл» экономика комитетінің жұмысына дауыс беру құқығымен, сондай-ақ Машина жасау комитетінің жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатысатын болады.

Бүгінгі таңда ҰКП Қазақстандағы бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қамтамасыз етеді және қорғайды. KAAR ҰКП жүйесіне кіре отырып, экономикалық өсуді және жалпы алғанда елдің өмір сүру деңгейін көтеру үшін Қазақстанда автоматтандырудың жүйелі дамуына ықпалдасудағы өзінің миссиясын іске асыру үшін қосымша мүмкіншіліктерді алуда.

Бұл да қызықты

KAAR Президенті Владимир Туреханов Қазақстанда білім беру және спорттық роботты техниканы дамыту үшін құрылған «Казроботикс» федерациясымен кездесуге Ақтөбе қаласына сапармен барып қайтты. Кездесу Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығында өтті.
Қазақстан автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы бүгін Астанада ашылған Қазақстанның ІІІ машина жасаушылар форумының қатысушысы болды.