25/2/2019 Қазақстан жаңалықтары

Өткен демалыс күндері Алматыда алғаш рет ЖОО-дар арасында IITU Robocon 2019 робототехника бойынша республикалық чемпионаты өтті. Жеңімпаз Қазақстанды 25 тамыз күні Моңғолияда өтетін ABU Robocon робототехника бойынша халықаралық жарыстарында таныстыратын болады.

25/2/2019 Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық жастарды еліміздің инновациялық іс-шараларына қатысуға шақырған жарыста Алматы мен республиканың басқа өңірлерінен 15 команда қатысты.Әрбір команда қазылар алқасына екі роботты ұсынулары керек болды - автоматтандырылған және нақты тапсырмаларымен бақыланатын.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) қызметкерлері, Тұңғыш ПрезидентҚорының ғылым жөніндегі кеңесіжәне ABU Robocon робототехника бойыншахалықаралық жарыстарының өкілдері кіретін сарапшылар алқасының шешіміне сәйкес, Almaty Management University командасыжеңімпаз атанды. Олар басты жүлде - халықаралық робототехника бойынша жарыстарға жолдамасына және ABU Robocon 2019-да мемлекет атынан өкілдік ету құқығына ие болды.Екінші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасына берілсе, үшінші орынды радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары лайықты түрде жеңіп алды.

Жапониядан келген ABU Robocon коммерциялық емес қауымдастығының өкілі – Mr. Arai, робот құраушы командаларының жақсы дайындықтарын атап өтті және қазақстандық жастардың ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Жарыстар роботты«нөлден»бастап жобалауға, конструкциясын, механикасын, электроникасын, роботтың ақыл-ой бағдарламасын жазуға мүмкіндік беретін Arduino платформасының негізінде өткізілді. Сонымен қатар IT-университетінің тәлімгерлері әрбір топпен 7-8 ай бойы жұмыс істеп, жас конструкторларға роботтарды құрастыруға көмектесті.

IITU Robocon 2019 байқауын «Сандық Қазақстан»және «Рухани Жаңыру»бағдарламаларын дамыту шеңберінде Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президент Қоры және Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (ХАТУ) ұйымдастырды.