09/4/2018 Қауымдастық жаңалықтары

6 сәуірде Санкт-Петербургте жыл сайынғы Ресейлік Интернетті басқару форумы RIGF-2018 өтті, және онда Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы, Қазақстанның Интернет ассоциациясы мен Қазақстандық желілік ақпарат орталығы қатысты.

09/4/2018 Қауымдастық жаңалықтары

6 сәуірде ТМД елдерінің жетекші ITсарапшылары мен мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін біріктірген Ресейдің 9-шы Интернетті басқару форумы RIGF-2018 өтті. Форумға Қазақстанның Интернет Ассоциациясының өкілі Шавкат Сабиров, Қазақстандық желілік ақпарат орталығы атынан Павел Гусев және Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы президенті Владимир Төреханов қатысты.

Форумның басты тақырыбы – бүкіл аспектілерде көрінетін киберқауіпсіздік болды. Форумның қонақтары мен спикерлері қоғамның алдында тұрған ақпараттық қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлерін талқылап, әртүрлі киберқатерлерді тойтарудың жаңа үлгілерін ортаға салды, сондай-ақ түрлі шабуылдарға қарсы жасанды интеллект қолдану мүмкіндігін қоса сөз етті.

RIGF-2018 форумы .RU. туған күніне орай ұымдастырылған іскерлік таңғы аспен аяқталды. Ұымдастыру орталығының директоры Андрей Воробьев форумның қонақтары мен спикерлерін доменнің мерейтойымен құттықтап, туған күнге арналған тортты әріптестерімен бірге кесіп, майшамдарды сөндірді.

Бұл да қызықты

19-20 сәуірде Астана қаласында жетекші ресейлік бизнес-талдаушы Алексей Колоколов деректерді визуалдау бойынша тренинг өткізеді. Сондай-ақ, сарапшы «DIGITAL HR-Аналитика» атты шеберлік класын өткізеді.