11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының (KAAR) қолдауымен 6-7 қазанда Ақтөбеде «KazRobotiks-2017» атты Халықаралық робо-фестиваль өтті.

11/12/2017 Қазақстан жаңалықтары

Қазанның бірінші демалыс күндері Ақтөбеде жаңадан салынған Жекпе-жек Сарайында халықаралық робо-фестивалінде жас роботты техниктерді қолдау үшін мыңдаған жанкүйерлер жиналды. Бұл фестиваль аясында KazRoboProject атты ғылыми-техникалық жобалар байқауының соңғы бөлімі және KazRoboSport атты роботты техника бойынша Республикалық 5 санатты чемпионаттың финалы өтті.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев: «Біз кезекті роботты техника фестивалі Ақтөбе жерінде өткеніне қуаныштымыз. Біздің аймақ үшін роботты техниканы дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Біз балалар шығармашылығын ынталандыруға тырысамыз және осылайша дарынды балаларды анықтаймыз. Осы мақсатпен жаңа нысандар салынып жатыр, мысалы  Жекпе-жек Сарайы және Шығармашылық Академиясы. Аталған нысандарды жақында Мемлекет басшысы аралап, онда ашылған роботты техника және кеме үлгілерін жасау үйірмелерін  жоғары бағалады».

Фестивальге еліміздің 14 аймағынан келген 10 мен 25 жас аралығындағы облыстық іріктеу турларының жеңімпаздары атанған құрама командалармен (барлығы 141 оқушы) қатар білім беру саласындағы роботты техника мамандары мен Федерацияның серіктестері қатысты.

7 қазанның қорытындысы бойынша ең үздіктер анықталды. Олар:

Жарыс категориясы

Аты-жөні

Облыстық құрама

 1

 «Кегельринг-квадро» кіші топ

 Қасым Айдын

 Атырау

 2

 «Кегельринг-квадро» үлкен топ

 Секретарев Никита, Чернышев Олег

 Павлодар

 3

 «Робо-сумо-мини» кіші топ

 Силан Арман, Дүйсембаев Азамат

 Маңғыстау

 4

 «Робо-сумо-қадамбасушылар» үлкен топ

 Байдильдин Алишер, Абдрахманов  Даулет

 Қостанай

 5

 «Сызық бойынша жарыс» кіші топ

 Бегеев Рустем, Аманғалиев Нұрсəт

 БҚО

 6

 «Сызық бойынша жарыс» үлкен топ

 Апбаз Нургиса, Сəлім Бекзада

 БҚО

 7

 «Робо-футбол» жалпы

 Муханов Нуржигит, Жараспай Мажит

 Ақтөбе

 8

«Биатлон» кіші топ

 Қасымғали Бауыржан, Елшібаев Расул

 ШҚО

 9

 «Биатлон» үлкен топ

 Шаймерденов Нуржан, Адильбеков  Тамирлан

 СҚО

 10

 Жобалар кіші топ

 Азименов Асылжан, Айбек Айкүміс

 Астана қ. және  Ақмола

 11

 Жобалар үлкен топ

 Телегенов Ермурат, Кирилюс Артем

 Павлодар

 

Бұл жастар, бәлкім, жақын арада роботты техника бойынша өтетін халықаралық жарыстар мен чемпионаттарда біздің еліміздің туын көкке көтереді.

Фестивальдің бас демеушісі болып табылатын KAAR президенті Владимир Туреханов: «Бұл іс-шараның тек аймақтағы емес, сондай-ақ бүкіл ел бойынша техникалық шығармашылықты және роботты техниканы дамыту үшін маңызы зор. Фестиваль негізінен спорт және білім роботты техникасы бағыттарын ұсынды. Өнеркәсіптік роботты техникаға келетін болсақ, біз әлі де бастапқы кезеңде тұрмыз. Мемлекет бұған көп көңіл бөледі. Ел басшылығы Қазақстандағы роботты техниканы дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Нәтиже бізді күттіріп қоймайды деп ойлаймын».

«КазРоботикс» вице-президенті Александр Гончаров: «Биылғы фестивальге келген осы салада17 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар біздің жарысты жоғары бағалап, қазақстандық балалар мен ұйымдастырушылардың үлкен әлеуетін мойындады».

Робо-фестиваль аясында білім беру роботты техника саласындағы ТМД елдері сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, бұның нәтижесінде екі ұйым – Ресейлік білім беру роботты техника қауымдастығы мен Қазақстандық білім беру және спорттық роботты техника федерациясы – арасындағы әріптестік туралы стратегиялық меморандумға қол қойылды, және бұл өз кезегінде болашақта жаңа мүмкіндіктер ашады.

«КазРоботикс» президенті Айжан Жекеева: «Біз «КазРоботикс» жарыс мүшелерінің роботты техникаға деген қызығушылығының арқасында жоғары деңгейге жетіп, бұл олардың болашақ мамандығын саналы таңдауға және еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында лайықты орнын табуға әкеледі деп үміттенеміз».

Бұл да қызықты

2015 жылы ҚР ӘТК 10 бірлік ECA Robotics өнеркәсіптік су асты роботты техникасын алуды жоспарлап отыр.
20 қыркүйекте «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру: жоғары технологиялық машина жасау» атты Қазақстан машина жасаушыларының V форумы ашылды. Форумға Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов қатысады.